Ойын кең алаңды жазық жерде ойналады. Ойынға қатынасамын деушілерге шек қойылмайды. Ойынға қатынасушылар сан жағынан да, күш-қуаты жағынан да біркелкі екі топқа бөлінеді. Содан соң екі топ бірі-бірінен белгілі бір қашықтыққа, бір-біріне қарам-қарсы сап құрып тұрысады. Екі топтың ортасынан кішірек дөңгелек шеңбер сызылады да, сол шеңбердің ортасына белбеу немесе белге байлайтын басқа бір материал тасталады. Әр топқа өз басқарушылары тағайындалады.
Ойынды бірінші болып жүргізуге кезек алған топтың бастығы кенеттен бір ойыншының атын атайды. Ал екінші топтың басшысы оған жауап ретінде барлық жағынан мүмкіншілігі тең келеді-ау деген қарсы топтың бір ойыншысының атын тез атап үлгеруі керек. Аттары аталған екі ойыншы шеңбердің ортасында жатқан белбеуге қарай тура жүгіреді. Кім бұрын жетіп, белбеуді алып, оны қарсыласына тигізіп үлгерсе, белбеу тиген ойыншы ойыннан шығады. Жеңген ойыншы өз орнына барып тұрады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Бұл ойынның екінші түрі «Орамал жасырмақ» деп аталады.
Оқуға кеңес береміз:
Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі