Табиғат туралы мақал-мәтелдер

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Табиғат туралы мақал-мәтелдер

Табиғат туралы мақал-мәтелдер — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — бұлт, жаңбыр, күн, мақал — осы тақырыптарға байланысты.

Cу басынан буылады.

****

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

****

Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.

****

Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.

****

Сүмбіле туса су суыр.

****

От арық, су семіз.

****

Жаңа айдан жақсылық.

****

Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.

****

Қыстағы қар — жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.

****

Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.

****

Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос — жарымен мықты.

****

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

****

Жазғытұрым жел
жардай атанды жығар.

****

Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.

****

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

****

Күн күркіресе, көп дүркірер.

***

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

****

Боранда күні ит пен бала құтырады.

****

Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.

****

Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.

****

Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.

****

Қыстың көзі қырау.

****

Сәуір болмай, тәуір болмас.

****

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.

****

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

****

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

****

Туған ай, тураған етпен тең.

****

Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.

****

Тоқты тоймас,
Шөміш кеппес.

****

Су аққан жерінен айнымас.

****

Үркерлі айдың бәрі қыс.

****

Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.

****

Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

****

Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.

****

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.

****

Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы.

****

Сәуір болса күн күркірер.

****

Мәуесі бардың әуесі бар.

****

Қараша қауыс, кәрі-құртаңды тауыс.

****

Әр нәрсе уақытымен қызықты.

****

Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.

****

Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

****

Таң атпайын десе,
Күн қоймайды.

****

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы басқа да мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Туған күнге арналған тілектер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат туралы мақал-мәтелдер деген не?

Бұл бетте Табиғат туралы мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Табиғат туралы мақал-мәтелдер материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар бұлт тақырыбындағы материалдар жаңбыр тақырыбындағы материалдар күн тақырыбындағы материалдар мақал тақырыбындағы материалдар мәтел тақырыбындағы материалдар табиғат тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар