Әлеуметтік желі — қазіргі қоғамның үлкені де, кішісі де еркін қолдана алатын, адамдардың бір-бірімен жылдам түрде ақпарат алмасып, түрлі салаға байланысты контенттермен бөлісуіне мүмкіндік беретін көпқырлы желі. Бүгінгі күнде әлеуметтік желілерді қолдану оңай және тез орын алатындықтан оның өзектілігі өте жоғары. Бұл желінің түрін адамзатқа беріп жатқан оң және теріс әсерлері туралы қаншалықты дұрыс пікірдеміз?
Әлеуметтік желі арқылы алыстағы ағайынмен хабарласу және ата-анамызбен және достарымызбен күнделікті байланыста отыру арқылы коммуникация құра аламыз. Тіпті ел басына қиын күн туғанда оқушылар мен студенттер онлайн форматта білім алды. Осылайша әлемнің әр түкпірінен ақпарат алу және жаңалықтармен танысу мүмкіндігінің шексіз екеніне көз жеткіздік. Алайда әлеуметтік желіге тым көп уақыт жұмсап, адамдар өздерінің шынайы өмірімен байланысын жоғалтады. Статистика бойынша 16-64 жас аралығындағы әр адам күніне 2 сағат 28 минутын желіде өткізеді. Өзіне пайда әкелетін оқуға зейіні қашып, бақытты сәттерді сыйлайтын отбасымен, достарымен өткізетін уақытты құрдымға жібереді. Әлеуметтік желінің ең негізгі кемшіліктерінің бірі-адамдар өзін өзгемен салыстырып, өзін-өзі бағалауды ұмытып кетеді. Әлеуметтік желідегі тым әдемі өмірді көрсету жетістікке жету өте оңай деген иллюзияны туғызады, ал расында оған қажырлы еңбек пен тұрақтылық керек. Сондықтан өзіңді өзгемен салыстырған емес, жақсы өмірді көріп шабыт алғаның, өзіңнің де сол өмірге жететініңе сенгенің абзал. Себебі ғаламторы бар әлемнің бізге беріп жатқан мүмкіндіктері орасан зор, тек сол мүмкіндікті орынды қолдана білуіміз өзімізге байланысты. Ақпараттардың алақанымыздай ұялы-телефонда тұрған заманында әлеуметтік желіні өзіміздің пайдамызға асырмағанымыз қате болады.
Ең қызығы әлеуметтік желі арқылы зор табыс иесі болуға да болады. 2024 жылға қарай әлеуметтік желі арқылы атап айтқанда, «Tiktok», «Instagram», «YouTube » платформалары арқылы табыс табатын блогерлер мен контент жасаушылардың саны өскен. Олар өз қызметтерін ұсынып немесе қандай да бір тауарды сату арқылы және өз блогында халыққа пайдалы болады деген қызметтерді жарнамалау арқылы табысқа кенелуде. Ал біз — жасөспірімдер, жас та болсақ, бас болып заман талабына сай мобилография, контент-мейкинг, social media mаrketing сынды қосымша қабілеттерді меңгеру арқылы кәсіпкерлердің әлеуметтік желідегі табыстарын арттыруда үлкен рөл атқара аламыз. Қажет етсең әлеуметтік желі арқылы білімді де алып, табысты да табуға болады. Бізден тек қызығушылық пен қалау ғана. XXI ғасыр — қол қусырып, «Менің қолымнан келмейді» деп, отыратын емес, білімділер мен тәуекел ете білетіндердің заманы. Заман ағымынан қалып кетпес үшін әр ата-ана өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына «Цифрлық гигиенаны» қалыптастыра білуі және әлеуметтік желіні ұтымды қолдануға баулуы қажет. Әлеуметтік желінің құрбанына емес, өз пайдамызға жарататын қолданушыларына айналайық.
Әділханқызы Ғажайып
Оқуға кеңес береміз:
Телефонды қалай азырақ қолдануға болады?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі