Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, КСРО кезінде Қазақстанды ұзақ уақыт басқарған тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бүгінде 112 жасқа толды.
Осының құрметіне орай біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Туризм мамандығының 1 Курс студенттері болып, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент У. М Джолдыбаеваның жетекшілігімен қарашының 12-сі күні Д. А. Қонаев мұражайына бардық. Мұражай - қазақтың ұлы мемлекет қайраткері мен ғалымының өмірі мен еңбегіне арналған ерекше орын. Мұражай 2002 жылы 12 қаңтарда ашылып, бүгінде ел тарихына қызығатындардың, Қонаев тұлғасын құрметтейтіндердің жиі келетін мекеніне айналған.
Қонаевтың жеке заттары мен өміріне арналған экспонаттар арқылы біз оның қарапайлымдылығы мен адалдығын сезіне алдық. Мұражай оның өмірінің әртүрлі кезеңдерінен алынған фотосуреттер мен құжаттар арқылы қоғамдық қызметіндегі маңызды аспектілерін байқадық. Фотосуреттер мен тарихи құжаттар Қонаевтың өміріндегі маңызды сәттерді көрсететін фотосуреттер ерекше назар аударады. Бұл суреттер оның жастық шағынан бастап, саясаткер ретінде елге қызмет еткен кездерін қамтиды. Сонымен қатар, оның қол қойған маңызды құжаттары, ресми жазбалары да мұражай экспозициясында бар.
Д. А Қонаев қарапайымдылығы мен адалдығы үшін халықтың сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. Ол өз өмірінде 40-тан астам ғылыми еңбек жазып, бірнеше рет Ленин орденімен марапатталған. Алматы қаласында оның атына көше, университет және мұражай бар.
Қонаевтың еңбегі мен өмір жолы қазіргі Қазақстанның дамуына негіз болды және ол ел тарихында ерекше орын алады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «География және табиғатты пайдалану» факультетінің 1 студенті Социал Гаухар, Камбыл Назерке Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к Джолдыбаева.У.М.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі