20.11.2024 күні, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факульететі, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының "Баспа ісі" мамандығының барша студенттері "Ұлы Жібек жолы" халықаралық көрмесіне қатысты. Қызығушылығы басым көпшіліктің арасында ұстаздар да, студенттер де, тіпті оқушылар да бар. Көрме ішінде түрлі баспалар мен оқу орындары қызмет етті. Ең алдымен, кірген бойда кітаптарды қызықтап, олар жайлы пікір алмасып, әңгіме өрбіттік. Баспалар жайлы тың ақпарат біліп, жаңа білім мен түсінік қалыптастырдық десем артық болмас.
"Ұлы Жібек жолы" халықаралық көрмесінің мақсаты – мәдени, әдеби және рухани білім саласын дамытуға бағытталған. Тек Қазақстандық емес, Халықаралық деңгейді алып шыққан ұйымдастырушылар тарапына алғыс білдіргім келеді. Өте жоғары деңгей, дәрежесі биік маңызды шара өтті.
Көрмеге "Алматы кітап", "Атамұра", "Алқа" сынды баспалар қатысты. Одан бөлек кітап дүкендері де өз үлесін қосты. Мәдени байып, тілімізді дамытып, тарихи мұрамызды насихаттадық. Бұл біздің білім мен санамызды саралауға үлкен мүмкіндік берді.
Ұлы Жібек жолы халықаралық кітап көрмесі ұлттық мәдениет пен білім саласындағы маңызды рөлді айқындайды. Ұлттық мұраны сақтап, халықаралық мәдениетті дамытуға ерекше назар салады. Бұл шара тек баспалар үшін емес, бүкіл қоғам үшін маңызды алаң болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі