Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы
Алдымен ата-ананың міндеті саналы ұрпақ қалыптастыру. Саналы ұрпақ-тәрбиеден бастау алады. " Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер" деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы , баланы тәрбиелеу де оңай іс емес . Менің ата-анам күнделікті тыйым-наным сөздерді жиі айтып отыратын. Ата-анамның жасап жатқан істерінен, әр-бір сөйлеген сөздерінен бойымызға сол бір тәрбиені қалап келе жатырмыз. Біз үлкен отбасынан болғандықтан әр қайсымыздың болмысымызды мәнді етіп жатқан әкем мен анамның тәрбиесі бізге жігер, күш сыйлайды. Дегенмен тәрбиені бала тек ата-анадан емес, қоғамнан да алады. Қазіргі таңда жас буындардың көпшілігі еліктеуіш, кез-келген адаммен еркін тілдессе, оның бойындағы тәрбиесі, болмысы я болмаса жаман бір тұстары болсын өз бойына қалыптастырып алады. Одан бөлек мектеп табалдырығында бала ата-анамен қаншалықты бір ағымда жүрсе, ұстаздармен де күн сайын қарым-қатынаста . Олардың беретін тәрбиесі де орасан зор. Дұрыс тәрбие алған бала, қоғамда да өзін белсенді көрсете алады. Сол себепті дұрыс ортамен араласу әр-бір балаға үлкенн жол сілтейді. Менің 18 жыл бойы түйіп келе жатқаным, осы тәрбиенің құндылығын. Жанымда өнегелі сөйлей білетін де , балағат сөздерді , тіпті одан да сорақыларын да айтатын, өз істерімен көрсететін қаншама жандарды көріп келудемін. Кейде сол жаксы адамдармен өзімді жақсы қырларыммен көрсем, ал кейде жаман жандармен өзімді жаман сезініп кетемін. Қарап отырсақ тіпті әсердің өзі адамдардың болмысына қарай туындайды екен. Менің айтпағым жүзі жарқын, ата-анадан, жалпы қоғамнан жақсы тәрбие ала білген адаммен жақсы қарым-қатынаста болыңыздар. Ешқандай ата-ана жаман тәрбие бермейді, "Ел болам десең-бесігіңді түзе"-дейді ғой Мұхтар Әуезов атамыз. Асыл тәрбиенің барлығы тал бесіктен бастау алады !
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі