Соғыс тарихы мыңдаған жылдар бойы адамзаттың саяси, экономикалық және мәдени дамуына ықпал етіп келеді. Кез келген ірі шайқас немесе әскери науқанның сәттілігі көбінесе қолданылған стратегияның тиімділігіне байланысты. “Стратегия” сөзі – белгілі бір іс-әрекетті сипаттау үшін емес, адамның айласы, білім мен логикасы, тәуекелге баруы мен сенімділігі арқылы қалыптасқан ұғым. Тарихты зерттей отырып, әскери стратегиялардың дамуында ерекше орын алатын Наполеон Бонапарттың есімін атап өтуге болады. Ол кіші офицер дәрежесінен императорлық деңгейге дейін көтеріліп, өзінің батыл шешімдері мен стратегиялық шеберлігі арқылы аты аңызға айналды. Наполеонның ұстанған үш негізгі қағидасы Франциядан Ресейге дейінгі жорықтарының сәтті болуына ықпал етті.
1. Уақыт пен жылдамдық
Тарихтағы маңызды соғыстардың сәттілігі жылдамдық пен уақытты тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Мұның нақты мысалы – Екінші дүниежүзілік соғыста неміс генерал-фельдмаршалы Эрих фон Манштейн ұсынған “Блицкриг” стратегиясы. Бұл стратегияның мақсаты – жауды күтпеген жерден шабуыл жасап, қысқа уақытта басымдыққа ие болу. Осы әдісті қолдана отырып, неміс әскерлері бар болғаны бір ай ішінде Бельгия, Нидерланды және Францияны жаулап алды. Сол сияқты, 1941-1943 жылдардағы Кеңес Одағына қарсы операциялар барысында неміс армиясы күтпеген шабуылдар арқылы Мәскеуге дейін жетті. Бұл стратегияның ерекшелігі – жаудың негізгі байланыс жүйелерін (радио, әуе базалары) жою арқылы соғыстың алғашқы кезеңдерінде үстемдікке қол жеткізу.
2. Психологиялық қысым және логистикалық оқшаулау
Стратегияның екінші қағидасы – қоршауға алу немесе логистикалық қысым көрсету. Бұл тәсілді алғаш рет Ескендір Зұлқарнайын қолданғанымен, оны толықтай жетілдірген Наполеон Бонапарт болды. Қоршаудың негізгі мақсаты – қарсыластың ресурстар мен резервтерге қол жеткізуін шектеу, сол арқылы оның төзімділігін әлсірету. Наполеонның Ресей жорығы барысында ол қарсыластарының төзімін сарқып, резервтерін сақтай отырып, жеңіске жетуге тырысты. Сонымен қатар, оның логистиканы тиімді пайдалануы шайқастарда жеңіске жетуінің негізгі себептерінің бірі болды.
3. Айлакерлік және алдын ала жоспарлау
Айлакерлік – тарихтағы ең маңызды стратегиялардың бірі. Наполеон бұл тәсілді өзінің көптеген шайқастарында шебер қолданды. Оның қарсыласының әрекеттерін алдын ала болжауы және дұрыс шешім қабылдауы жеңісіне ықпал етті. 1812 жылғы Бородино шайқасында генерал Мюраттың айлакерлігі ерекше рөл атқарды. Ол жауды орталық редутқа шоғырландырып, шеткі редутты генерал Нэйдің көмегімен басып алды. Бұл стратегияның арқасында француздар Бородино шайқасында жеңіске жетті.Қазіргі таңда стратегия тек әскери салада емес, экономикалық, саяси және технологиялық бағыттарда да маңызды рөл атқарып келеді. Мысалы, халықаралық валюта нарығындағы доллардың басымдығы – экономикалық стратегияның айқын мысалы. Ал болашақта тарих ақша билігі немесе ядролық қару арқылы жүргізілетін жаңа стратегиялармен толықтырылуы мүмкін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Султан Дидар
Ернур
Өтте керемет жазылған