Әдет-адамның күнделікті тұрмыстағы іс-әрекеттерінің тұрақты немесе автоматты түрде жиі қайталанып отыруы. Олардың жақсы не жаман болып бөлінетіндігі бәрімізге аян, көпшілігіміз жаман әдеттеріміздің барын білсек те, одан қалай құтылатынымызды білмей жатамыз. Мысалы, біз күртешені қай қолымыздан бастап немесе аяқкиімді қай аяқтан бастап киетінімізге мән бермейміз, себебі ол жатталып қалған біздің саналы түрде әрекет етуімізге тәуелді емес процесс. Сол секілді жақсы әдеттеріміздің де осылай бейсаналы түрде жасалуы үшін не істеуіміз керек?
1.Нақты мақсат қою
Жақсы әдет қалыптастырудың ең бірінші жолы-нақты мақсат қою. Алдымен «Бұл маған не үшін қажет?» деген сұрақты қойыңыз. Сіз алдыңызға өзіңіз қатты қалайтын мақсатты қойғанда ғана оған бүкіл ынтаңызды салып жететін боласыз.
2.Жаман әдеттен арылуды бастау
Жаман әдеттен құтылу өте қиын болса да, ол мүмкін. Ол үшін әдеттің компоненттерін білу маңызды. Әдеттің ең бірінші компоненті-қозғаушы сигнал. Бұл сигнал бізге сырттан, қандай да бір оқиғадан кейін келуі мүмкін. Екінші компонент-әдеттің өзі, яғни әрекет ету. Қозғаушы сигналдан кейін біз әрекет етуді бастаймыз. Ең соңғы компонент жасаған әрекетімізден алатын нәтиже. Миымызға жаман әдетке қатысты сигнал келген сәттен бастап, мақсатымызға шын жеткіміз келсе, әрекет жасауда қателеспеуіміз қажет. Сонда ғана қалаған нәтижемізге жетеміз, одан айырылып қалмас үшін тұрақты түрде қайталап отыру өте маңызды.
3.Өзіңізге уақыт беріңіз
Сіз жақсы әдеттердің барлығын бірден өз бойыңызға қосып ала алмайсыз. Ол үшін өзіңізге уақыт бергеніңіз абзал. Мысалы, сіз бір кітапты оқып бітіремін деген мақсат қойдыңыз. Алайда мүлдем кітап оқып көрмеген адамға бұл жақсы әдетті қалыптастыру қиынға түседі. Сондықтан ең алғашында күніне 10 минут оқимын деп өзіңізге уәде беріңіз. Кейіннен кітап оқыған қалай өзіңізге ұнап кеткенін байқамай, жарты немесе бір сағаттан оқып жүретін боласыз.
Жақсы не жаман әдет қалыптастыру өз қолымызда. «Қыбырлаған қыр асады» демекші, біздің қазір жасап жатқан кішкентай қадамдарымыз, ертеңгі күні біздің жетістіктерімізге айналады. Сондықтан табандылық пен төзімділік танытып, тұрақты түрде әрекет ету арқылы өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге болатындығын ешқашан ұмытпаңыз!
А.Байтұрсынов атындағы 139 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы: Ғажайып Әділханқызы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі