Өлең, жыр, ақындар

Өзің үшін ғана жеңіске жетуге асықпа

Біраз жыл бұрын, Сиэтл олимпиадасында, 100 метрге жүгіру алаңында 9 бала жүгіруге әзірленді. Олардың бәрі дене бітімі жағынан яки ментальдық деңгейде мүгедектер болатын.

Жүгіруге рұқсат етілген оқ атылып, жарыс басталды. Барлығы шама-шарқына қарай жүгіре жөнелді, олардың бәрінің де жеңгісі келді.  
Балалар меженің үштен біріне жеткенде бір бала сүрініп кетіп, үш аунап түсті де жатып қалды. Ол жылай бастады. Басқа сегіз жарысушы оның жылаған дауысын естіді. Олар жүгірулерін бәсеңдетті де арттарына қарады. Сосын тоқтап, артқа қайтты. Барлығы да...  
Даун синдромымен ауыратын, жарысқа қатысушы бір қыз баланың жанына отырып, оны құшақтады да: «Саған жақсы бола бастады ма?» деп сұрады. Сосын барлық тоғыз бала иықтасып мәреге қарай бірге адымдай бастады. Барлық көрермен орындарынан тұрып қол соға жөнелді. Қол шапалақтау толастамай қойды... 

Мұны көргендер осы күнге дейін сол оқиға жөнінде айтып жүр. Неге?  
Өйткені: «Өмірдегі ең маңызды нәрсе - өзің үшін жеңіске жету емес» деген қағида біздің ішіміздің ең терең түкпірінде жатыр, оны біз осындайда сеземіз. 

Бұл өмірдегі ең негізгі нәрсе - өзгелердің жеңіске жетуіне жәрдемдесу. Ол үшін өз жеңісіңді қиюға немесе бәсекені бәсеңдетуге тура келсе де.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз