Фильмнің тақырыбы: «Арлан. Решающий раунд»
Хронометраж: 2 сағат
Жанр: боевик,мелодрама
Режиссер: Даулет Жумабаев
Фильм “Арлан. Решающий раунд” 30-қаңтардан бастап Қазақстанның кинотеатрларынан жарық көрді. Бұл фильм отандық жас режисер Даулет Жумабаевтің алғашқы төл туындысы.
Сюжетіне келер болсам,фильмнің басты кейіпкері Арлан (Еркебулан Токтар) және оның отбасындағы жауапкершілігін,спорт әлеміндегі қиындықтары жайлы сюжет ары қарай өрбиді.
Режиссер Даулет,фильмде бірнеше мәселелерді көтерген. Мысалға: отбасы құндылығы,спорттағы бәсекелестік,достық,кіршіксіз махаббат. Сонымен қатар мақсатқа жетер жолдағы қиындықтармен,сатқындықты,шарасыздықты көрсетеді.
Режиссерлік шеберлік. Фильмде қазақилықты,ер азаматқа тән қасиеттерді ашып көрсетеді.Көрген көрермендерге әсерлі эмоциямен,рухани бай болып шығуына әсер етеді. Себебі фильм барысында,күйдің әсерлі орындалуы,ұлттық тағамдарды көрсетуі, жарық етіп жанып өшкен тұлғаны көрсетуі(картина ) арқылы халықтың патриоттық сезімін оятты.
Актерлік құрам. Осы тұрғыда актерлік құрамның дұрыс таңдалғаны және қоюшы-суретшінің,гримнің оператордың,композитордың бәрінің бір-бірімен дұрыс жұмыс жасағаны көрініп тұр.
Ал егер кішігірім бір кемшілігіне келер болсам, тіл мәселесі. Фильмде орыс тіліне акцент көп берілген. Қазақ тілі екінші планда қалып қойған.
Қортынды: фильмнің сюжеті,берер мағынасы,актерлік құрам,барлығы ұнады. 10/10
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Кино&медиа мамандығының,3 курс студенті Исенали Жанна Абдихалыққызы
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі