Өлең, жыр, ақындар

ATU Университетінде "JAIDARMAN" жартылай финалы өтті

2025 жылдың 14 ақпанында сағат 17:00-де АТУ университетінің бас оқу ғимаратындағы мәжіліс залында "JAIDARMAN" бағдарламасының жартылай финалы өтті.

Кеш жүргізушісі – Айдын Мұңайтбасов.

Айдын Мұңайтбасов – Алматы технологиялық университетінде өтетін «Жайдарман» ойындарының жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы.

5,5 жылдық үзілістен кейін ол АТУ-ға қайта оралып, Жайдарманды жаңғыртуға кірісті.

Сонымен қатар, Айдын – @tan_media_group (Қазақстандағы ірі медиахолдинг) қызметкері.

Бұл кеште әділ қазылар алқасы да осал емес болды, олар:
Блогер, вайнер, актёр – Медет Жаңабай.
"Ақпен бірге" командасының жетекшісі – Ерболқызы Лаура.
SU командаларының жетекшісі – Бекенов Ардақ.
SYNYPTAS сериалының басты рөлін сомдаған актёр, блогер – Жарылқасинов Манас.
Бас төреші – BayGuys командасының мүшесі Нұрғали Мағжан.

Финалға өту жолында АТУ-дың әртүрлі факультеттерінен және басқа университеттерден келген 8 команда бақталасты:
"Айдынның айғырлары" – АТУ, Тағам технологиялары факультеті.
"Qwerty1234" – АТУ, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті.
"Альфа" – АТУ, Экономика және бизнес факультеті
"Сөз тимесін" – АТУ, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті

"For You" – АТУ, Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеті
"ҚазҰПУ құрамасы" – Абай атындағы ҚазҰПУ
"Тұран құрамасы" – Тұран университеті
"КазАСТ құрамасы" – Қазақ спорт және туризм академиясы.

Жартылай финалдың ерекшелігі неде болды? Ойын 2 кезеңнен тұрды:

1-кезең – "Сәлемдесу"
Барлық командалар ерекше дайындықпен келген. Әділ қазылар бұл кезеңде командаларға жақсы баға қойды, өйткені әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен есте қалды.

2-кезең – "Іріктеу"
"Айдынның айғырлары" командасы тапқырлық пен өткір әзілдері арқылы ерекше көзге түсті. Команданың ең есте қалған сәттерінің бірі – Нұрғали Мағжанды сахнаға шақырып, кішігірім көрініс көрсетуі. Бұл әдіс көрермендерді де, қазыларды да бірден баурап алды. Одан бөлек, басқа командалар осы кезеңде пародия жасап, домбыра тартып, ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.

Бұрынғы ширек финалмен салыстырғанда, бұл жолғы ойын әлдеқайда деңгейі жоғары әрі тартысты өтті. Командалар айқын прогресс көрсетіп, тәжірибе жинағанын дәлелдеді.

Финалға кімдер өтті?

Ойын соңында жеңімпаздар анықталды:
???? "Айдынның айғырлары" (АТУ, Тағам технологиялары факультеті) – 50 000 теңге сертификаты
???? "ҚазҰПУ құрамасы" (Абай университеті) – 30 000 теңге сертификаты
???? "Qwerty1234" (АТУ, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті) – 20 000 теңге сертификаты
???? 4-орын – "Альфа" (АТУ, Экономика және бизнес факультеті)
???? 5-орын – "Сөз тимесін" (АТУ, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті)

Алда не күтіп тұр?

2025 жылдың 17-22 ақпан аралығында MAUSYMASHAR бағдарламасы өтеді. Бұл – Жайдарманның жаңа маусымының ашылу салтанаты. АТУ атынан "Alm-ATU" командасы қатысады. Оларға сәттілік тілейміз!
Жайдарман – жай ғана әзіл емес
Бастапқыда Жайдарман – әзіл-сықақ сайысы ғана болатын. Бірақ уақыт өте келе ол тек жастардың шығармашылық алаңы емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы әзілмен жеткізетін үлкен өнер додасына айналды.

Келесі ойындар бұдан да қызық болатыны анық!

Осы сәтте Жайдарман жайлы оның жетекшісі Есен Елеукенмен телевизия өкілдерінің сұхбатына назар аударсақ:

Жайдарман сайыс па, әлде жай ғана ойын ба?

— Жайдарман көрермендер үшін — әзіл алаңы болса, жайдарманшылар үшін — өмір, ойын түрінде өтетін шынайы бәсекеге толы өмір. Жаңа айтып өткенімдей, қатысушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын алаң.

— Қазіргі Жайдарман жастарға не бере алады?

— Жайдарман бұрын да, қазір де, болашақта да жастардың өзіндік дамуына ықпал етеді. Ол жерде жұмыс та, шығармашылық та, орта да, сынақ та, жеңіс пен жеңіліс те қатар келеді. Солардың бәріне төтеп беріп, басынан бастап, соңына дейін жеткізген жайдарманшы өмірде өзіндік пікірі бар, көпшілік арасында өзін өзі ұстай алатын, әрі лидерлік қабілетін қалыптастырған азамат болып шығатыны сөзсіз.

Қабылдаған: Шет тілі кафедрасының сениор-лекторы Абдуллаева Айнур Аскаровна

Орындағандар: Асылбек Жанерке, Аханова Айшат, Әбдірәсіл Сәуле, Әділхан Нұрай, Әшір Ақжан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз