Қоршаған орта – адамзат өмірінің ажырамас бөлігі. Біз табиғаттан қажетті ресурстарымызды алып, оның байлықтарын күнделікті пайдаланып отырмыз. Алайда экологиялық проблемалар күшейіп, табиғи тепе-теңдік бұзылып келеді. Бұл мәселеге немқұрайлы қарау болашақ ұрпаққа үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның міндеті.
Алматыдағы экологиялық жағдай: Алматы – Қазақстандағы экологиялық ахуалы ең күрделі қалалардың бірі. 2023 жылғы Экология министрлігінің зерттеулеріне сәйкес, қаладағы ауаның ластану деңгейі республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Бұған бірнеше негізгі фактор әсер етеді:
1. Автокөліктердің көптігі. Қалалық Жол полициясының мәліметінше, Алматыда 540 мыңнан астам көлік тіркелген, ал жыл сайын олардың саны 40 мыңға дейін артады. Көліктерден шығатын зиянды газдар ауа сапасына кері әсер етеді.
2. Жылу электр станциялары (ЖЭС). Алматыдағы жылу электр станциялары жыл сайын 3-3,5 миллион тонна көмір жағып, атмосфераға үлкен көлемде зиянды қалдықтар шығарады.
3. Өндіріс орындары мен тұрмыстық қалдықтар. Қалдықтарды дұрыс өңдемеу мен сұрыптамау экологиялық мәселелерді одан әрі ушықтырады.
Қала тұрғындары күн сайын ауаның ластануын сезінеді. Алматының жоғарғы аудандарына шыққанда, қаланың қою түтінге оранып тұрғанын анық көруге болады. Экологтардың тәуелсіз зерттеулеріне сәйкес, қаланың төменгі аудандарында ауаның ластану деңгейі қалыпты нормадан 15 есе жоғары.
Экологияны жақсарту жолдары: Қоршаған ортаны қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Егер біз табиғатқа қамқорлық танытсақ, экологиялық ахуалды жақсарта аламыз. Ол үшін қарапайым ережелерді сақтау жеткілікті:
• Қалдықтарды сұрыптап тастау және қайта өңдеуге жіберу.
• Қоғамдық көлік пен экологиялық таза көліктерді (электромобиль, велосипед) көбірек пайдалану.
• Жасыл желектерді көбейту, ағаш отырғызу.
• Энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану.
Экологиялық мәселелерді елемеу – табиғатқа жасалған ең үлкен қиянат. Егер біз бұл мәселеге бей-жай қарасақ, келешек ұрпаққа таза орта қалдырмауымыз мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – әр адамның азаматтық міндеті. Әрқайсымыз табиғатты аялау арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерте аламыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қыдырбек Шынар
- Билл Гейтс
- Билл Гейтс
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі