Өлең, жыр, ақындар

Әлеуметтік желілердің психологияға әсері

Әлеуметтік желілердің психологияға әсері

Әлеуметтік желілердің психологияға әсері туралы тақырып өте өзекті, себебі бүгінгі таңда көптеген адамдардың күнделікті өмірі осы виртуалды ортаға байланысты. Адамдар әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасап қана қоймай, өзін-өзі танытып, жеке пікірлерін білдіріп, тіпті кейде өмірдің көп бөлігін осы ортада өткізеді. Бұл процесс кейбіреулер үшін пайдалы болса, басқалар үшін керісінше кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл процесстердің салдарынан өз-өзіне қол жұмсау,қоғамнан алшақтау секілді жағдайлар орын алады. 

Әлеуметтік желілердің психологияға әсері туралы менің жеке пікіріме келсек, бұл құралдың екі қыры бар деп ойлаймын. Әлеуметтік желілердің бір жағынан пайдасы көп болса, екінші жағынан, олардың қауіптілігі де зор.Әлеуметтік желілер адамдарды жақындастырып, байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, менің өзім де алыстағы достарыммен осы желілер арқылы байланысып, ортақ қызығушылықтарымызды бөлісіп отырамыз. Бұл әрдайым жаңалықтардан хабардар болып, түрлі салалардағы жаңа үрдістерді білуге, білімімді кеңейтуге көмектеседі. Осы жағынан, әлеуметтік желілер біздің жеке дамуымызға оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Шығармашылық адамдар үшін де бұл тамаша алаң, себебі олар өз жұмыстарын бөлісіп, үлкен аудиторияға жетуге мүмкіндік алады.Бірақ, әлеуметтік желілердің тәуелділік тудыратын жағы өте қауіпті. Өзім де кейде уақыттың қалай өткенін байқамай, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізіп алатынымды байқаймын. Бұл менің нақты өмірдегі басқа істерге көңіл бөлмей, онлайн ортада “қамалып” қалуыма әкеледі. Әлеуметтік желілердің шынайы өмірден алшақтататынын сезінемін, және бұл – көп адамдар үшін күрделі мәселе деп есептеймін. Олар бір сәттік көңіл көтеру мен ойын-сауық үшін сағаттарын желілерде өткізеді, ал шынайы қарым-қатынас пен маңызды істер назардан тыс қалып жатады.Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі “әдемі өмір” суреттері адамдарды өздерін басқалармен салыстыруға әкеледі. Өз басым, желіде басқалардың жетістіктерін көргенде, кейде “мен не істеп жүрмін?” деген ойға қаламын. Әрине, бұл өзіңді дұрыс бағаламауға, немесе өз өміріңе риза болмауға әкелуі мүмкін. Алайда, уақыт өте келе мен бұл суреттердің шынайы өмірмен сәйкес келе бермейтінін түсінемін, өйткені адамдар тек жақсы сәттерін көрсетеді. Мен үшін маңыздысы – шынайы өмірдегі қарым-қатынастар мен жетістіктер, ал желідегі көрсетілген өмір әрдайым шынайы емес.Жеке пікірім бойынша, әлеуметтік желілердің басты қаупі – адамның санасын толассыз ақпарат ағымымен жүктеуінде. Адамның миы мұнша көп ақпаратты өңдеуге дайын емес, сондықтан әлеуметтік желілердің шамадан тыс қолданылуы зейінді төмендетіп, шешім қабылдау қабілетін әлсіретеді. Өзіме бұл әсіресе қиын күндерден кейін байқалады, себебі миымды демалдырмай, әлеуметтік желіге кіріп кеткенде шаршау сезімі күшейе түседі.Жалпы алғанда, әлеуметтік желілерден пайда да, зиян да бар. Оларды дұрыс пайдалануды үйрену керек, яғни уақытты үнемдеп, тек маңызды және қажетті ақпаратқа ғана назар аударып, желіде өткізетін уақытты шектеген жөн. Әлеуметтік желілер бізге мүмкіндік беретін көптеген жақсы нәрселерді көру керек, бірақ ол шынайы өмірдегі қатынастардың орнын баспайтынын ұмытпау керек деп санаймын.

Алдымен әлеуметтік желілердің оң әсерлеріне тоқталып кетейік.Мәселен,әлеуметтік желілер адамдарды түрлі қауымдастықтарға қосылуға, ортақ мүдделерді бөлісетін топтарда қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдар ортақ қызығушылықтарымен бір-бірін табады, өзара қолдау көрсетеді. Мысалы, кейбір адамдар өздері сияқты қиындықтарды бастан кешкен адамдармен танысып, олардан мотивация немесе кеңес алады. Әсіресе жалғыздық сезімін сезінетін адамдар үшін бұл өте маңызды.Әлеуметтік желілерді қолдану арқылы адамдар өздерінің кәсіптерін дамытып, жеке брендтерін қалыптастыра алады. Мысалы, қолөнершілер, суретшілер, фотографтар өз туындыларын желі арқылы көрсетіп, танымал бола алады. Көптеген кәсіпкерлер әлеуметтік желілер арқылы клиенттер табады, бизнесін алға жылжытады. Бұл қоғамдағы шағын кәсіпкерлердің дамуына ықпал етеді.Тағы бір оң әсері әлеуметтік желілердің арқасында адамдар танымал тұлғалармен, ғалымдармен, саясаткерлермен тікелей байланыс орната алады. Бұл олардың пікірлерін тыңдауға, түрлі сұрақтарды қоюға мүмкіндік береді. Бұрын бұндай мүмкіндіктер тек шектеулі ортада ғана болатын. Қазір әрбір адам өзіне қызықты адамдармен байланыс орнатып, олардан тікелей ақпарат алуға қол жеткізе алады.Келесі кезекте,теріс әсерлерін талқылайық.Біріншіден,әлеуметтік желілерде көп адамдар өздерін шынайы көрсетпейді. Олар виртуалды бейнелерін жетілдіріп, шын өмірден алшақтап кетеді. Бұл кейде адамның өзіне шынайы емес бейнені қалыптастырып, осы бейнемен өмір сүруге тырысатынына әкеледі. Нәтижесінде, адам шынайы өмірде өзін төмен сезінеді, виртуалды өмірі мен шынайы өмірі арасында үйлесімсіздік пайда болады.Екіншіден,әлеуметтік желілерде адамдар басқалардың жетістіктерін көріп, олармен өзін салыстыра бастайды. Бұл әсіресе жастар арасында кеңінен таралған құбылыс. Олар өздерінің өмірлерін басқалардың “тамаша” өмірімен салыстырып, күйзеліске ұшырайды. Мысалы, әлеуметтік желілерде жарияланған әдемі суреттер мен жетістіктер адамның өз өміріне көңілі толмауға себеп болады. Осыдан стресс, депрессия, тіпті өзіне деген сенімсіздік туындауы мүмкін.Үшіншіден,кибербуллинг – әлеуметтік желілердегі ең үлкен мәселелердің бірі. Адамдар әлеуметтік желілерде анонимді болғандықтан, басқа біреуге сын айтып, тіпті қорлауға дейін барады. Бұл әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қатты әсер етеді. Психологиялық қысым олардың көңіл-күйін бұзып, өзін-өзі бағалауға кері әсер етеді. Кейбір жағдайларда кибербуллингтің нәтижесі ауыр психологиялық жарақаттар мен депрессияға әкеледі.Төртіншіден,әлеуметтік желілердің тағы бір үлкен минусы – олар адамның уақытын көп алады. Адамдар желіде қанша уақыт өткізгендерін байқамай қалады. Бір қарағанда, бұл қауіпсіз көрінуі мүмкін, бірақ күнделікті өмірдегі маңызды істер кейінге қалдырылып, адам өнімділігі төмендейді. Уақытты тиімді пайдаланбау адамның дамуына кері әсер етеді және жеке және кәсіби өмірде кері әсерлерін тигізуі мүмкін.Бесіншіден,әлеуметтік желілерде ақпарат өте көп және оны қабылдау қиынға соғады. Адамдар үнемі жаңалықтарды, хабарламаларды, бейнелерді қарап, өз миын артық жүктеуге ұшыратады. Бұл жағдай ақпараттық шаршауға әкеліп, адамның когнитивтік қабілеттерін төмендетеді, ойлау, шешім қабылдау қабілетін нашарлатады

Сөзімді түйіндей келе,әлеуметтік желілер адам өміріне үлкен әсер етеді деген тұжырымға келдік. Олар адамдарға қарым-қатынас орнатуға, өздерін көрсетуге, білім алуға және кәсіптерін дамытуға мүмкіндік береді. Дегенмен, оларды дұрыс қолданбаса, психологиялық тұрғыдан көптеген қиындықтарға әкелуі мүмкін. Әлеуметтік желілердің артықшылықтарын пайдаланып, зиянды әсерлерінен сақтану үшін өзіміздің уақытты тиімді жұмсауға, шынайы өмірге көбірек көңіл бөлуге тырысуымыз керек. Әлеуметтік желілерді тек құрал ретінде қарастыру, оны өміріміздің басты бөлігіне айналдырмау маңызды.Әлеуметтік желілерді қолданғанда ең бастысы – тепе-теңдік сақтау. Шынайы өмір мен виртуалды әлемді араластырмай, өз уақытыңды тиімді жоспарлау қажет. Желідегі жетістіктер мен әдемі суреттерге тым қатты мән бермеу керек, себебі ол тек өмірдің бір жағы ғана. Әркімнің өмірінде өз қиындықтары бар, ал шынайы бақыт виртуалды өмірден емес, нағыз қарым-қатынас пен өз-өзіңді табудан келеді.Әлеуметтік желілерді өзімізді дамыту үшін, жаңа нәрселерді үйрену үшін және жақсы қарым-қатынастарды сақтап қалу үшін қолданған жөн. Тек осылай саналы түрде пайдаланғанда, олар біздің өмірімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.


11

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз