Ерте, ерте, ертеде бір қарияның келіні болыпты. Ол өзі өте жұмсауық екен, маңайындағы ауыл үй адамдарын талғаусыз жұмсай беріпті. Көршілері оны сондықтан «жұмсауық келін» деп атап кетіпті.
Мұны естіп бір күні қария отауына беттейді. «Келінге барып хабарласайыншы, мені де жұмсар ма екен», – деп ойлайды ол.
Қарт отауға таяй бергенде, үйден:
— Әй, кім болсаңда андағы сыртта жатқан келі – келсапты ала келші, – деген келінінің даусы естіледі.
Айтқанын ала кіріп келінін ұялтпақ болған қарт үйге еніп келіп:
— Міне қарағым, келі – келсабың, – депті.
Сонда келіні:
— Ойбу, бетім-ай, атам екенсіз ғой, орнына апарып тастай қойыңыз өзім барып алайын, – деген екен.
Амалы таусылған атасы бұған да көнсе керек-ті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
11.03.2025 12:03
09.01.2025 15:33
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі