Қазір бәріміздің қолымызда – телефон. Әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, ойындар… Ал кітап ше? Баяғыдай жата қалып, ұзақ оқитын күндер қазір сирек кездеседі.
Бір кезде кітап оқу – білімділіктің, зиялылықтың белгісі болатын. Қалың кітапты арқалап жүрген оқушыға бәрі таңдана қарайтын. Қазір керісінше, қолында кітап ұстаған адам өзгеше көрінеді.
Алайда, кітап оқудың сәннен шығуы – оның құндылығы жоғалды деген сөз емес. Керісінше, кітап – нағыз рухани байлық. Ол ойыңды тереңдетеді, тіліңді байытады, қиялыңды дамытады. Бір кітап – бір әлем. Ол саған тыныштық береді, сабыр үйретеді, шынайы сезімдермен таныстырады.
Өз басым кітап оқыған сайын жаңа ойлар тауып, өмірге басқаша қарай бастаймын. Әсіресе, көркем шығармалар кейіпкерлері маған мотивация береді. Телефоннан бас алмай отырған замандастарым кітаптың дәмін татып көрсе екен деймін. Мүмкін, сол кезде рухани тыныштықты табар еді…
Мүмкін, кітап оқуды қайтадан сәнге айналдыратын уақыт келген шығар? Өйткені білім, тәрбие, мәдениет – бәрі осы қағаз бетіндегі әріптерден басталады.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі