Өлең, жыр, ақындар

Неге журналистка саласы?

 

Барлық адам өзі мамандығын жүрекпен таңдайтыны рас. Тағы бір жағынан, өтірік те шығар. Бірақ кей жастар «осыда грант болды, осыған түсе салдым» деген ойда болады. Алайда, өзімді айта кететін болсам, мені бұл мамандыққа сүйіспеншілік пен өз бойымдағы қасиеттер жетеледі — журналистиканы таңдаудың бірден-бір себебі осы болды.Журналистика мен үшін бір бөлек әлем секілді көрінетін. Әрине, кейде «қолымнан келмейді-ау», «камерадан ұяламын», «ойымды дұрыс жеткізе аламын ба?» деген сұрақтар мені мазалайтын. Бірақ, 8сыныптан бастап өз ойымды еркін жеткізе алатынымды, дикциямның бар екенін, сахна мен камерадан қысылмайтынымды түсіндім.Оны байқаған мұғалімдер мені алғаш рет Алаш дебатына команда мүшесі етіп сайлады. Сонымен қоса, менің журналистикаға деген қызығушылығымды оятқан — Гүлнәз Әлімгерей мен Динара Саджан еді.Өзім бұл мамандықты саналы түрде таңдадым. Әрқашан ақпараттың қақ ортасында жүріп, сұхбат алғым келеді. Кей адамдар: «Нағыз журналист болу үшін анау керек, мынау керек», — деп жатады. Мен ондайға ермеймін. Өз арманым — өз қолымда.Көп журналистердің алға ұмтылысы маған шабыт береді. Олардың журналистикаға деген ойын көргенде, мен тоқтап қалғым келмейді. Бәсеке бар жерде — өсу бар. Деңгей бар жерде — нәтиже бар. Сондықтан мен осы жолды таңдадым.Әр мамандықтың өз қиындығы болады. Ал сол қиындықпен күресу — менің қолымда. Мен алған бетімнен қайтпаймын. Егер маған тағы да таңдау берілсе, ойланбастан журналистика мамандығын таңдар едім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз