Өлең, жыр, ақындар

Қазақ журналистикасына қосар үлесім

Әр адам өз болашағын белгілі бір мамандықпен байланыстырады. Мен үшін бұл- журналистика. Жәй ғана журналистика емес, қазақ журналистикасы. Менің үлкен бір армандарымның бөлшегі- қалаған саламның шебері болу. Әр адам өз жұмысын тиянақты жасау арқылы өз еліне үлесін қосады. Мен үшін журналистика ол ерекше сала. Шығармашыл тұлғалардың жиналысы мен қосындысы секілді.

Бәрі білетіндей және айтатындай «Журналистер ақпаратты дер кезінде жеткізіп отырады. Тек шыңдық жақта болады. Өз өмірлерін қауіпке тігеді». Бұл сөздерді жыл сайын естіп келе жатырмыз. Сондықтан, бүгін бір ерекшелік танытқым келіп отыр. Осыған дейін жоғарыда түртіп кеткен «Қазақ журналистикасы» туралы айтып берейін. Қазақ журналистикасы- қазіргі заман талабына сай жұмыс жасайтын сала. Жан жақты даму арқылы өз ерекшелігін көрсетеді. Сапалы контент пен өзекті мәселелерді терең қозғайды. Болашақ журналист бола тұра, мен тек жаңалық жеткізуші емес, қоғамның үнін жеткізіп, өзгеріс әкелетін тұлға болуды қалаймын. Жаңа түрдегі жобалар ашып, халықпен бір толқында болуды қалаймын. Үлкен бір жоспарларымның бірі ол- қазақ журналистикасының абыройын арттыра отырып, оған замануи үлес қосу. Қазақ тілінде ақпарат құралдарына пайда қосу және «Жастар-біздің болашағымыз» деген маңызды тақырыппен жұмыс жасағым келеді. Мен осы жоспарларыммен халыққа пайдалы, шынайы әрі тәрбиелі мәні бар журналистиканы қалыптастыруға үлесімді қосқым келеді және де қосамын!

Қорытындылай келе, менің арманым- өз мамандығымның шебері болу. Өз ісіммен пайда тигізу және жұмысым арқылы халыққа пайдалы болу. Қазақ журналистикасының беделін жоғары көтерілуіне және қоғаммен байланыс орнатуыма толықтай сенемін. Бұл менің- парызым, мақсатым және болашақтағы алдыма қойған миссиям.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз