Өлең, жыр, ақындар

Жай ғана күлкі ме әлде терең мәселе ме? "Brainrot" видеоларының астары

Соңғы жылдары TikTok, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде «brainrot» атты жаңа тренд пайда болды. Бұл – көбіне мағынасыз, күлкілі, тіпті кейде абсурдқа жақын видеолар. Көп адам мұндай контентке жай ғана күліп өте шығады. Бірақ бұл видеолардың артында не жатыр? «Brainrot» деген не? Бұл тек уақыт өткізуге арналған әзіл ме, әлде жастар санасына әсер ететін жаңа құбылыс па?

 

Brainrot дегеніміз не?

Ағылшынша «brain rot» сөзі тікелей аударғанда «мидың шіруі» дегенді білдіреді. Әлеуметтік желідегі мағынасы – тым көп, мағынасыз ақпараттар мен бейнелерді үздіксіз көру нәтижесінде адам миының шаршауы немесе ойлау қабілетінің төмендеуі. Brainrot видеолары көбінесе түсініксіз, кейде «ақымақтыққа» ұқсайтын әрекеттерден тұрады.

 

Жас жеткіншектер арасында бұл трендтің белең алуы қоғамда қауіпті резонанс тудырып келеді. Мән-мағынасыз, адам санасын улайтын бейнелер – әсіресе 5-12 жас аралығындағы балалардың ой-өрісін дамытуда үлкен қауіпке айналуда.Brainrot – жай әзіл емес, ол – қоғам дерті, сананың улануы.

Қандай шара қолдануымыз керек?

Әлеуметтік желіде, әсіресе TikTok-та белгілі бір цензура қойылмағандықтан, ата-ана баланың нені көріп, нені үйреніп, не нәрсеге күліп отырғанынан хабардар болғаны абзал. Бала мен ата-ана арасында ашық диалог орнап, осындай мағынасыз бейнелерден аулақ болу керектігі айтылуы тиіс.

Саналы ұрпақ – болашақтың кепілі.

 Адам санасын қазіргі заманда лезде жаулау оңай. Ондай жағдай туындамас үшін миды қажытпай, үнемі қозғалыста, ізденісте жүру қажет. Пайдасыз, саны бар, сапасы жоқ дүниелерден аулақ болсақ және өскелең ұрпаққа соны насихаттасақ – басты міндетіміз орындалады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз