Эндемик деп біз жойылып бара жатқан әрі «Қызыл кітапқа» енген тіршілік иелерін атаймыз. Осындай жануарлардың бірі – Каспий итбалығы. Бұл ерекше тіршілік иесін көп адам біле бермейді. Ендеше, толық танысып өтейік. Бұл – құйрығы балық тәрізді, аяқтары қысқа, мұртты, суда мекендейтін сүтқоректі. Дегенмен, өте сүйкімді және сирек жануар.
Неге олар азайып барады?
Зерттеу жүргізбесек те, айдан анық жауап – қоршаған ортаның ластануы. Оның кесірі тек итбалықтарға ғана емес, бүкіл экожүйеге тиіп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, итбалықтардың иммундық жүйесі әлсіз, соның салдарынан олар тез уланып қалады. Құзырлы орындар бұл мәселеге аса мән беріп отырған жоқ. Антропогендік әрекеттер мен табиғатқа деген бейқам көзқарас – табиғаттың қазынасын құртуда. Әр жыл сайын 100-ден 1000-ға дейін итбалықтың өлексесі жағалаулардан табылып жатады. Олар жыртқыш болғанымен, адамға жайдан-жай қауіп төндірмейді. Қазіргі таңда бұл жануарлар қауіпті аймаққа енгізілген.
Адамдардың табиғатқа деген немқұрайлылығы – үлкен мәселе. Өкінішке орай, елімізде Каспий мен Ақтау қалаларында итбалықтарға тас лақтырып, таяқпен ұрып-соққан оқиғалар тіркелген.
Қазіргі заманда адам жыртқыштан емес, жыртқыш адамнан қорқатын кезеңге жеттік.
Статистикаларды сараласақ, елімізде бұл мәселе туралы видеолар мен дереккөздердің қаралымы өте төмен. Қазақ тіліндегі мақалалар саусақпен санарлық. Итбалықтардың түрлері күрт азайып бара жатқаны жайлы ақпарат көп болғанымен, бұл тақырыпта контент пен адамдардың қызығушылығы аз.
Мысалы, 2025 жылы халық саны 20 миллионға жетсе, соның ең көбі 30 000–40 000 адам ғана бұл жануарлар туралы ізденеді. Тіпті кей статистика бойынша бұл көрсеткіш 5000 адамға да жетпейді.
Сонымен қатар, бұл әдемі, ежелгі тіршілік иелері аквариумдар мен цирктерде шоу үшін қолданылады. Ол заңды болса да, жануарлардың құқығы қорғалуы тиіс.
Итбалықтардың еті мен терісі өте бағалы. Олар аспаздықта, киім және декор жасауда қолданылады. Браконьерлер мен қасапшылар үшін бұл – таптырмас олжа. Эскимос халқы үшін итбалық – басты тағам көзі. Сондай-ақ, оларды ғылыми зерттеулер мен медицина саласына да пайдаланады. Кейде балықшылардың ауына түсіп қалып, ауаның жетіспеуінен дельфин, итбалық сынды сүтқоректілер тұншығып қалады. Ал ең әділетсізі – кей қармақшылар оларды су бетінде жай ғана тастап кетеді. Бұл – үлкен жауапсыздық әрі заң бұзушылық. Сонымен бірге, олардың қалдығымен қоректенген құстар инфекция таратуы мүмкін.
Осының барлығы итбалықтардың жойылуына себеп болуда. Бұл тек біздің елге емес, бүкіл әлемге ортақ мәселе.
«Қызыл кітапта» итбалықтардың 1 түр тармағы мен 3 түрі сипатталған. ҚР Конституциясының 31-бабында қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, мемлекеттің міндеттемелері мен жауапты тұлғалардың жауапкершілігі нақты көрсетілген. Бұл елдің экологиялық тұрақтылығына және халық денсаулығына тікелей әсер етеді.
22 наурыз – Халықаралық итбалықтарды қорғау күні. Итбалықтар – теңізбен тікелей байланысты тіршілік иелері. Табиғат – бір-бірімен тұтас байланысқан жүйе. Егер итбалық әлсіресе, теңіздің өзі де құриды. Бүгінде Қазақстан итбалықтардың саны күрт кеміп жатқан елдердің алдыңғы қатарында. Біз табиғаттың осындай сыйлығын әлі де толық бағалай алмай келеміз. Дегенмен, бұл мәселеге өмірін арнаған адамдардың бары қуантады. Бұл – үміт сыйлайды, еліміздің болашағы бар екенін дәлелдейді.
Зерттеу барысында кездескен қайсар тұлға – Әсел Баймұқанова.
Ол осы мәселені зерттеп, халыққа жеткізіп жүрген жас ғалым. Біз қарапайым суды үнемдеу мен табиғатты ластамау сияқты әрекеттерді жасай алмай жүрсек, Әсел Каспий итбалықтары үшін күресіп жүр. Түрлі жиындар мен волонтерлік жұмыстар атқарып, бірнеше деректі фильмдер түсірген. Шетелдің үздік университеттерінен тәжірибе алған бұл жас маман – жастарға үлгі. Әселдің оқиғасы шабыттандырады. Ол әкесіндей ғалым болуды армандап, табиғатқа деген махаббатын іске асырды. Біз бала кезімізде қандай тәрбие көрсек, соны қайталаймыз. Неге елімізде көбірек отбасы мен мектептерде қоршаған ортаға деген құрметті дәріптемейміз? Табиғатқа деген көзқарасымызды неге өзгертпейміз?
Адам өзгермей, әлем өзгермейді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Несипханова Аяулым
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі