білім1.1 Өзін-өзі жетілдіру деген не?
Абай хәкімнің тереңнен тамыр тартқан сөз мұрасынан жарық көрген даналық шуағында: "Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі- жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген". Бұл ұлы ойшылдың өткір көзімен байқалған қарапайым пайымдаулар емес, ғылыми негізі бар, зерделенген қабілет. Алайда бұл қасиет айналадағы әлемнің әсерінен өркендеуі де, сөнуі де ықтимал. Тек тағдырдың тәтті сыйына ие болған жандар ғана тумысынан дарыған қасиетін сыртқы факторлардан сақтапқалып, дамыта алады. Сонда өзін-өзі жетілдіру деген құдіретті күш не?
Жан Пиаже атты швейцарлық ғалым, психолог, философ өте терең филоофиялық сұрақтарға жауап беруге тырысқан.
Ақиқат деген не?
Ақиқат қайдан алынады?
Логика дамуы қаалй іске асады?
Уақыт пен кеңістік, ұзақтық, өзгергіштік және мораль секілді ұғымдарға біз қалай келеміз?
Әрине, кез-келген психолог секілді, ол да барлық сұрақтың жауабын бала кезден іздеген екен. Осылай ол жас балдырғандардың психологиясын, сана сезімін, деңгейлік логиканың дамуын зеттей бастаған екен. Жан Пиаже айтуы бойынша бала ақпаратты өзі тапқан кезде, жоғары нәтиже көрсетеді. Ол баланың туған сәттен бастап айналаны зерттеуге, ойын мен тәжірибе арқылы үйренуге ұмтылатынын айтқан — бұл табиғи оқыту механизмі болып табылады. Бір ақпаратты, саланы оқуда жетістікке жету үшін, сыртқы және (әсіресе) ішкі мотивтің болуы маңызды. Мысалы: Мен ақылды болғым келеді адамдарды аурудан емдей алу үшін (ішкі мотив), әрі мені мақтап, атағым шығу үшін (сыртқы мотив).
Идеясы: Бала табиғатынан зерттеуге бейім, ал тиімді білім алу үшін оның ішкі қызығушылығы мен сыртқы ынталандыру қатар болуы керек. Ал оның табиғи бейімделуге деген құштарлығы - рефлекс.
Эволюциялық тұрғыдан алғанда, оқу — бұл тірі қалудың жолы. Адамның бейімделу, бақылау, себеп-салдар байланысын түсіну қабілеттері — барлығы белсенді өздігінен оқуды талап етеді. Ежелгі заманда білімді біреудің "сырттан беруі" мүмкін емес еді — адам бақылау, тәжірибе және зерттеу арқылы үйренді. Бұл қабілет бүгінгі күні де туа біткен механизм ретінде сақталып қалған.
1.2 Адамның өзін-өзі жетілдіру қабілетінің болуы неге маңызды?
Енді ғана дүние есігін ашқан баланы елестетіңізші. Өзінің даму барысында ол ата-анасына тартылады. Оның ата-анаға деген табиғи тартынысы, ерте жаста өмір сүру үшін керекті іргетас болады. Біз көтерген тақырыпты осы табиғи және барлығы қастерлі, керекті санайтын керектілікпен шендестіруге болады. Айырмашылығы, біреуі ұзақ перспективада қажет болатын болса, біреуі ерте кезде сіздің физикалық өмір сүруіңізге тірек болады. Психологиялық тұрғыдан, кез-келген адам ата-анамен менталдық және физикалқы сепарациядан өту қажет. Ал туғалы біткен өзін-өзі жетілдіру қабілеті уақыт өте эволюциядан өтіп, керектігі одан әрі білінетін болады.
Ең алдымен ішкі мотивация,self-education болуының арқасында бала кішкентай кезінде әлемді тани бастайды. Сұрақтар қоя бастайды. Орта есеппен, балалар тілі шыққан сәтте, 100-ден астам сұрақ қоюы мүмкін екен. Ыстық, суықты тани отырып, аурудың не екенін, не қауіпті екенін біле отырып, бала кішкентайынан өмір қамын жасап, қауіптен қашып, өзін-өзі қорғайды.
Қазіргі ересек кезбен сәйкестендірсек те, маңыздылығы мүлде жоғалмайды. Біріншіден, заманның бір орында тұрмауы. Жыл сайын, күн сайын, тіпті сағат, минут сайын жаңа технологиялар, инновациялық бағдарламалар, дәстүрлі өмір сүру үлгісі жаңа деңгейге көтерілуде. Осындай ақпараттық-технологиялық «БУМ!» болып жатқанда, тез бейімделгіштік, жаңа нәрсені жылдам қағып алу процессінде, ішкі мотивацияның болуы мен өзін-өзі оқыту тума қасиеті шешуші рөлді ойнайды. Жалпылама айтсақ, білім - қиын өмірде ориентир табуға арналған карта.
Оқу процесінде, білімге деген құштарлығы бар адам, болашағына инвестиция салып қана қоймай, дәл сол уақытта білімнен эмоционалды тұрақтылық алады. Ішкі мотивацияның болуы, біраз уақыт ішінде оқудың әкелген жақсы нәтижесін көргенде, өз-өзіне деген сенімділік қалыптасады. Өміріне деген, өз-өзіне деген, болашағына деген болжам ме күмәннің орнына өз білімі тартып шығатынына сенім болады.
1.3 Неге аталған қабілет бала кезде белсенді болып, уақыт өте сөніп қалады?
Кейбір нақтыланбаған әдебиеттерде, бұл қасиет ересектерде болмау себебі, тек олардың өсуімен байланысты делінеді. Өсіп айналаны біраз болсын таныған балада, дәл ерте жастағыдай әлемге деген қызығушылығы болмайды. Бір жағынан бұл сөздің де, жаны бар. Алайда, бұл жай ғана балаға тән қажеттілік емес қой. Кейбір ересектерде білімге деген қызығушылық, ешқандай сыртқы мотивациясыз жұмыс істеуге, білуге, дамуға деген құштарлық байқауға болады. Мысалы, Анна Мари Робертсон 70 жасында ғана кескіндемені барша қалауымен қолға алып, кейіннен танымал суретшіге айналды. Сондықтан, түсіну керек нәрсе, бұндай, өмірде адамды ілгері тартатын қабілетті, сыртқы және ішкі факторлар әсерінен жоғалтамыз. Көз алдыңызға күннің шуағына тартылған түйінді елестетіңізші. Күннің жылуы, жарығы, шуағы ол түйінге нағыз сый. Сол сыйды түйін өзіне сіңіріп, өмір сүруге деген күш алады. Ал біздің күніміз қайда? Уақыт өте келе күн жайдан-жай сөніп қалады деймісіз? Әрине жоқ!
Бірнеше ішкі факторларға тоқталсақ.
1.Оқу, үйрену барысында орын алған негативті тәжірибе. Жан азығына құштарлығы әлі сөнбеген бала, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл жаңа, қызықты ортаға алғаш рет түскенде ешкім жаңылғысы келмейді. Алайда, өкінішке орай ол баламен психологиялық зақым аларлықтай бір жайт болады. Мүмкін ол бала бақылау есебін қате шешіп, дәл сол моральді қысым түскен уақытта, ол мұғалімнен жылы сөздер мен жай ғана сол есепті түсіндірудің орнына, ұстазынан суықтық сезіп қалады. Мүмкін ол бала, осындай қиын негативті оқиғадан кейін, өзін ақымақ сезінеді. Ал педагог, оқушыға көмек берудің орнына көңілі қалғанын білдіртеді. Негативті тәжірибе өзі осыған дейін жақсы нәтиже берген саладан болса ары қарай оқиғаның екі мүмкін жалғасы болады: а) оқушы осы тәжірибеден кейін, тесттен алған бағасына көңілі толмай, білместігін ары қарай ізденуге мотивация ретінде қабылдайды; б) оқушы білім алуды жалғастырудан мән-мағына көрмейді, өзін ақымақ санайды, болашақта жаңылып қалған сәтін осы негативті тәжірибемен сәйкестендіріп, жағымсыз ойлар ойлап, мүмкін үрей сезінеді, енді мүлдем бір жетістікке жетуге тырыспайды.
2. Алдағы мақсаттың болмауы. Соңында бір мақсаты, аңсаған арманы адамды тосып тұрмаса. Ол адамға ешқандай сыртқы мотивация ұзақ мерзімде көмектеспейді. Депрессиядағы адам, өмір сүрудің мәнін, мақсатын көрмейді. Бұл дәл осы шектес түсінік. Ақыр соңында бір болғысы келетін адам үлгісі, қол жеткізгісі келген мүмкін материалдық, мүмкін абстрактілік қалауы жоқ адамның ориентирі жоқ. Мәре сызығы жоқ жолда жүгірудің қиыншылығын сезініп көріңізші.
3. Басқа керекшіліктердің приоритетте тұруы. Уақыт өте келе адамның өмірінде көп көңіл бөлуді қажет ететін жаңа міндеттер мен қажеттіліктер туындайды. Ақша керектігі, отбасы және т.с.с. Алғашқы орынға осындай маңыздылығы жағынан кем түспейтін аспектілер келген кезде, адамның қалауларына орын қалмай қалуы әбден мүмкін.
Сыртқы факторларға келетін болсақ:
1. Бірсарындылық, білімнің қалыптасқан тәртіпке айналуы. Қайталанылатын тапсырмалар, қызықсыз білім алу процессі, білімді жаңаша алу жолдары болмауы, кейін белгілі бір салада, адамның барлық оқуға деген көңілін қайтарады.
2. Шамадан тыс ақпараттың берілуі. Сұрақтың жауабына деген қолжетімділік. Бүгінгі күні кез-келген сұрақтың жауабын ойланудың, бас қатырудың керегінсіз ақ тауып аламыз. Дайын тұрған жауаптың бар болғандығы, ары қарай адамға ойланудың, анализдеудің, ізденудің керектігін жоққа шығарады. Сізге берілген бас қатырғыш ойынды сіз үшін біреу шешіп беретін болса, оның қызығы қаладыма?
3. Білім ордаларының бағалау жүйелері. Ал енді, оқырманды осы жерге жинауымның басты мақсатына келіп жеттік. Мектепке келген бала, білім алғысы келеді. Білім алу арқылы болашақта өз орнын табуға келеді. Бірақ келе салысымен, ұстаз, оқуға көңілі бар балаға ең алдымен тақырыпты түсіндіреді, керемет, бәрі жақсы. Тақырыпты түсінген бала, тапсырма орындауға дайын. Тапсырма орындағандағы мақсат қандай? Баланың тақырыпты тұсініп, толық меңгергенін бақылау, алған білімін бекіту. Алайда, ұстаз тапсырманы жасатуға баланың қызығушылығын арттыру үшін, баға қояды. Жақсы баға - баланың мотивациясы артады, жұмыс істеуге сыртқы мотивация арқылы әсер етеді, төмен баға - барлық мотивациясы жоғалады. Бұл жерде айтқым келгені, баланың білімге деген қызығушылығы бағада емес, жеке қалауда негізделуі керек. Барынша тырысып, бергенді оқып, тапсырманы жазып берген бала төмен баға алатын болса автоматты түрде оның ойында: “Мен тырысып, жазып берген жұмысым төмен баға алды, яғни жұмыс істеудің пайдасы не? Маған бәрібір төмен баға қойылды ғой”. Көбінесе жақсы баға ғана мотивация ретінде жұмыс істейді, ал төмен баға немесе орын ендігі ол баланың дамуға деген көңілін жоғалтуға үлкен қадам. 11 немесе 9 жыл осындай парадигмада өмір сүріп жатқан баланың уақыт өте келе, өзін-өзі жетілдіру қабілеті толығымен жойылады. Білім ордаларында, бағалау/марапаттау жүйесі ең бастысы болып кеткен. Статистика, бағаның білімге емес, білімнің бағаға жұмыс істеуі, бас ұруы орын алады. Ерте жастан, кәмелеттік жасқа толғанға дейін баланың көргені, үйренгені, баланың адам болып қалыптасу процессінде сан мен сапаның арасында көрген үлгісі, оны болашаққа осы біліммен аттануы өте қауіпті.
2.1 Негізгі бөлім: Мектептер мен оқу орындары бұл табиғи механизмді өшіруге қалай үлес қосады?
Бағалар мен тесттерге бағытталу. Оқу тек баға алу және стандартталған тесттерге дайындалуға айналғанда, бұл білім алуға деген құлшынысты жоюы мүмкін. Басты мақсат білімді игеру немесе зерттеу емес, "дұрыс жауап" болып қалады. Бағалау жүйесі мен оқу үлгерімі бойынша рейтинг құру көп оқушылардың психологиясына кері әсер береді. Барлық оқушыларға бірдей көңіл бөлініп, қабілеттердің бардығында бар екеніне сендіру арқылы олардың мотивациясын көтере аламыз. Көп балалардың оқуға деген құлшынысы жақсы бағаларға байланса, есейе келе сол рефлексі сөнген оқушының жасаған жақсы жұмысы үшін “баға” алмаса, ары қарай жұмыс жасауға құштарлығы болмай қалады. Бұндай балаға өмір бойы мотивациялық жетелеу мен эмоционалды қорек керек болады.
Қатаң оқу бағдарламалары. Кейде оқу бағдарламалары өте қатаң болып келеді, және мұғалімдердің материалды оқушылардың қызығушылықтарына бейімдеуге немесе оларға шын мәнінде қызықты нәрселерге тереңірек үңілуге мүмкіндігі аз болады. Ал көп мектептердегі дәстүрлі оқу әдістемелері, әрбір тақырыпты оқушының оқуы керек бірақ та, қызығушылығын шақырмаған сабаққа айналдырады.
Еркіндік пен таңдаудың жетіспеушілігі. Оқушылар көбіне не және қалай оқитындарына қатысты өз пікірлерін білдіре алмайды. Бұл оқуды міндетті іс, ал өзін-өзі дамыту мүмкіндігі емес деп қабылдауға әкелуі мүмкін. Еркіндік болмаса, оқушылар өз идеяларын жүзеге асыруға немесе мәселелерге жаңаша қарауға мүмкіндік алмайды. Стандартты әдістер мен шешімдерге ғана мән берілгенде, оқушылардың креативті ойлауы дамымай қалады. Оқушыларға жоба таңдауға, оны орындау әдісін анықтауға мүмкіндік берілсе, олардың шығармашылық әлеуеті ашылады.
Қателік жасаудан қорқу. Кейбір мектептерде қателіктер сәтсіздік ретінде қабылданады, ал оқу процесінің бір бөлігі ретінде емес. Бұл оқушылардың эксперимент жасаудан және "ақымақ" сұрақтар қоюдан қорқуына әкелуі мүмкін. Оқушыларадан ең жоғары нәтиже күту, ең жоғары баллдар мен бағалар тосу, кішкентайынан баланың миын тек жетістіктер мен жеңістер маңызды деп бағдарламалау перфекционизм немесе үздік оқушы синдромына әкеледі. Бұндай оқушыларға сапа емес сан маңызды. Бала білім алу үшін емес, жақсы баға алу үшін оқиды. Ең жоғары баллды алу үшін кез-келген қулыққа дейін баруы мүмкін. Ал төмен балл немесе баға алу бала психикасына ауыр тиіп, эмоционалды күйзеліске әкеледі.
2.2 Зерттемелер: Оқу мотивациясын зерттеу анкетасы.8-9-10-11 сыныптар арасында өткізілген анкета бойынша анализдеу.
8,9,10,11 сыныптар арасындағы оқу мотивациясын зерттеу анкетасы жерілікті мектепте өткізілген болатын.
Оқушылардың жартысынан көбі (54.4%) мектепті болашақ мамандықтарымен байланыстырады. Бұл олардың білімге деген көзқарасының өте прагматикалық және мақсатты екенін көрсетеді.
Олар мектепті болашақ мансаптық өсудің құралы ретінде қабылдайды.
Төрттен бірі (25.2%) заң бойынша міндетті болғандықтан оқитынын айтады, бұл оқушылардың белгілі бір бөлігі үшін оқу міндеттілік сипатына ие екенін көрсетеді.
"Маған сабақ оқыған ұнайды" дегендердің үлесі аз (10.7%), бұл оқу процесінің өзіне деген ішкі қызығушылықтың жеткіліксіздігін байқатады.
"Достарым үшін келемін" дегендердің үлесі де аз (9.7%), бұл мектептің әлеуметтік аспектісінің білім алуға деген басты мотивация еместігін көрсетеді.
Қорытынды: Оқушылардың басым бөлігінің мектепке келу мотивациясы сыртқы (болашақ мамандық, заңдық міндеттеме) болып табылады, ал ішкі мотивация (сабақтан ләззат алу) мен әлеуметтік мотивация (достар үшін) басым емес.
Оқушылардың үштен бірінен астамы (36.9%) білім алу процесінің өзін, яғни жаңа нәрселерді үйрену мен тапсырмаларды орындауды қызықты деп санайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, себебі ол оқушылардың танымдық белсенділігінің бар екенін көрсетеді.
Екінші орында (31.1%) "Достарыммен уақыт өткізу" тұр. Бұл оқушылар үшін мектептің әлеуметтік орта ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. Кейбір оқушылар үшін әлеуметтік байланыстар білім алудың өзінен де маңыздырақ болуы мүмкін.
"Өмірге дайындалу үшін" дегендердің үлесі 16.5% құрайды, бұл оқушылардың білімнің болашақ өмірдегі қолданысын да ойлайтынын білдіреді, бірақ бұл сабақтағы ең қызықты аспект емес.
"Жоғары баллдар мен мұғалімнің мақтауы" дегендердің үлесі ең аз (15.5%). Бұл оқушылар үшін сыртқы мадақтау мен бағалаудың ішкі танымдық қызығушылыққа қарағанда маңызы төмен екенін көрсетеді.
Қорытынды: Оқушылардың сабақтағы негізгі қызығушылығы білім алу процесінің өзінде және әлеуметтік қарым-қатынаста. Сыртқы бағалау (баллдар, мақтау) олар үшін екінші кезектегі маңызға ие.
Ең көп үлес (38.8%) "Көп білім, көп нәрсе үйренуге" тиесілі. Бұл оқушылардың танымдық мотивациясы жоғары екенін және білімді өздігінен құндылық ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Олар үшін білімнің көлемі мен тереңдігі маңызды.
"Есейгенде, айналаға пайда тигізу үшін" дегендердің үлесі де айтарлықтай жоғары (31.1%). Бұл оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігі бар екенін және білімді болашақта қоғамға пайда әкелу құралы ретінде қарастыратынын көрсетеді. Бұл терең мағыналы мотивация.
"Жақсы баға алу" (29.1%) – бұл да маңызды мотивация, бірақ алдыңғы екеуінен кейін тұр. Бұл оқушылар үшін сыртқы бағалаудың маңызы бар екенін көрсетеді, бірақ бұл басым емес.
Қорытынды: Оқушылардың жақсы оқуға тырысуының негізгі себебі – білімге деген құштарлық және қоғамға пайдалы болу ниеті. Бағалардың маңызы болса да, олар басым емес.
Оқушылардың ең көп бөлігі (35%) жақсы баға алғанда "жаңа ақпарат үйренгенін" қуанышпен қабылдайды. Бұл олардың ішкі танымдық мотивациясының жоғары екенін және бағаны білім алу процесінің нәтижесі ретінде қарастыратынын көрсетеді. Яғни, бағаның өзі емес, оның артындағы білім маңызды.
"Жақсы сабақ қарағаным" дегендердің үлесі 28.2%. Бұл өз еңбегінің нәтижесін көруден қанағаттануды білдіреді.
"Мені үйде ата-анам мақтауы" дегендердің үлесі 27.2%. Бұл ата-ананың қолдауы мен мойындауының маңыздылығын көрсетеді. Балалар үшін отбасының пікірі әлі де өте маңызды.
"Ұзағырақ көңіл көтеруім/интернет желісінде отыруым/демалу мүмкіндігі" дегендердің үлесі ең аз (9.7%). Бұл бағаны тек сыйақы алу құралы ретінде қарастыратындардың аз екенін көрсетеді.
Қорытынды: Жақсы баға алғанда оқушыларды ең көп қуантатыны – жаңа білім игеру және өз еңбегінің нәтижесін көру. Ата-ананың мақтауы да маңызды, ал бағаны демалыс алу мүмкіндігі ретінде қарастыру аз кездеседі.
Жалпы алғанда, 8-11 сынып оқушыларының оқу мотивациясы негізінен білімге деген ішкі танымдық қызығушылыққа, болашаққа бағытталған прагматикалық мақсаттарға және әлеуметтік пайдалы болу ниетіне негізделген. Бұл өте жақсы көрсеткіш, себебі оқушылар білімнің құндылығын түсінеді және оны тек міндет ретінде емес, болашақ өмірлері үшін маңызды құрал ретінде қабылдайды.
3.1 Қорытынды бөлім: Мәселені айқындау. Біз не істей аламыз?
Осыған дейін айтылған мәселе – мектеп жүйесінің баланың туа біткен білімге деген құштарлығын басуы – зерттеу нәтижелерімен расталады. Оқушылардың негізгі мотивациясы болашаққа бағытталған прагматикалық мақсаттарға, білім алуға деген ішкі танымдық қызығушылыққа және қоғамға пайдалы болу ниетіне негізделген. Бағалау жүйесінің артық маңызы осы табиғи құштарлықты төмендетіп, білім сапасына кері әсер ету қаупін тудырады. Мәселе мектептердегі дәстүрлі оқыту әдістері, қатаң бағдарламалар және қателіктерге деген толеранттылықтың төмендігімен ушыға түседі. Абайдың және Жан Пиаженің идеялары осы табиғи қабілеттің негізін қалайды, оның тек тірі қалуға емес, сонымен қатар ішкі мотивацияның қалыптасуына да маңыздылығын көрсетеді. Білімге деген осы құштарлық бала кезде ерекше белсенді болады, өйткені бала қоршаған ортаны белсенді зерттейді, сұрақтар қояды және тәжірибе арқылы үйренеді. Бұл қабілет қазіргі ақпараттық-технологиялық дамыған заманда да өте маңызды, себебі ол тез бейімделуге және үздіксіз оқуға мүмкіндік береді, сондай-ақ эмоционалды тұрақтылық пен өзіне деген сенімділікті қалыптастырады.
Осы мәселелерді шешу үшін біз не істей аламыз? Біріншіден, білім беру философиясын өзгертіп, бағалаудан білімге басымдық беруіміз қажет. Мұғалімдердің міндеті баға қою ғана емес, оқушының танымдық белсенділігін ынталандыру және оның білімге деген ішкі құштарлығын ояту болуы тиіс.
Екіншіден, оқыту әдістемелерін жаңғырту маңызды. Бірсарынды дәрістердің орнына жобалық оқыту, зерттеу жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар сияқты интерактивті және практикалық әдістерді енгізу қажет. Бұл оқу бағдарламаларына икемділік енгізіп, оқушыларға таңдау еркіндігін беру арқылы олардың креативті ойлау қабілетін дамытады.
Үшіншіден, қателіктерге деген көзқарасты өзгертіп, оларды оқу процесінің табиғи бөлігі ретінде қабылдау керек. Мектеп ортасы оқушылар қателік жасаудан қорықпайтын, қателіктерден үйренетін ортаға айналуы тиіс, сондай-ақ "үздік оқушы синдромының" алдын алу шаралары қолданылуы қажет.
Төртіншіден, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды. Оқушының мотивациясын бірлесіп қолдау, олардың болашаққа бағытталған прагматикалық және әлеуметтік мақсаттарын қолдау қажет.
Соңғысы, оқушыларға өзін-өзі реттеу және мақсат қою дағдыларын үйрету арқылы олардың ішкі мотивациясын күшейтіп, өмір бойы оқудың құндылығын насихаттау өте маңызды. Осы кешенді шаралар ғана оқушылардың білімге деген табиғи құштарлығын қайта жандандырып, саналы да жауапкершілігі мол тұлғаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі