Бір заманда әйелдерге тіпті доп тебуге рұқсат болмаған. Бұл ер балалардың ермегі, ал қыздарға эстетикалық тұрғыда ерсі көрінеді деп саналды. Қыздар тек қуыршақпен ойнап, тоқыма тоқумен айналысуы керек деген шектеулер мен қоғамның қалыптасқан көзқарастары талай қыз баласының бойындағы потенциалын ашуына мүмкіндік бермеді.
Бірақ қазіргі жағдай әлдеқайда жақсырақ. Бүгінде қыз бала да, ұл бала да спорт үйірмелеріне теңдей қатысып, өз орнын таба алады. Дегенмен, әлі күнге дейін стереотиптер мен дұрыс емес түсініктер жеткілікті. Қоғамның көзқарасымен күресіп, спорт әлеміне әйелдерге де жол ашу үшін талай нәзік жандылар бала кезінен бастап еңбек етіп, үміттен қол үзбей, күресе білді. Олар спорттың тек ерлерге ғана арналмағанын дәлелдеді.
Солардың бірі — Нетти Ханиболл. Ол алғаш болып тек қыздардан құралған ресми футбол командасын құрған. 1894 жылы Нетти Ұлыбританияда әйелдер футбол клубын ұйымдастырып, өзі оның капитаны атанды. Оған жазушы әрі журналист Флоренс Дикси қолдау көрсетті. Бір қыз баласының екінші қызға сенім артып, қолдау білдіруі — ерекше жылулық сыйлайды. Футболға алғашқы қадам жасалғанымен, қоғам бұған қарсы болды. Қыздардың шолақ шалбар мен кең жейде киюі сол кездегі әйелдерге тән гүлді көйлектерге қарама-қайшы саналды. Қоғам мен ер адамдардың наразылығы жас спортшыларға қоқан-лоққы мен қарсылық болып оралды. Осы себепті 50 жыл бойы футбол әйелдерге лайық емес деп танылды. Алайда бұл тек алғашқы қадамдар еді. Сенда Беренсон — «әйел баскетболының анасы» атанған тұлға. Ол баскетбол ойынына әйелдерге ыңғайлы етіп өзгерістер енгізді. Бүгінде Литваның Бутримонис елді мекенінде Сендаға арналып ескерткіш қойылған.
Сондай-ақ, өз салаларында жаңалық әкелген әйел спортшылар қатарында:
Хелен Хилдрет – бокс,
Манон Роем – хоккей,
Серена Уильямс – теннис,
Элисон Стритер – жүзу,
Мики Андо – мәнерлеп сырғанау бар.
Тізімді жалғастыра берсек, толастамайтын еді. Әлемнің түкпір-түкпірінен әйел спортшылар әрбір сәтте спортты өзгертіп, тарихқа өз есімдерін жазуда.
Ал енді өз елімізге келсек, жақында ғана Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы 12 алтын жүлденің барлығын жеңіп алды. Бұл — бокс тарихындағы бұрын-соңды болмаған шабыттандыратын оқиға. Осындай жаңалықтарға қарамастан, «ең мықты гендер кім?» деген сауал әлі де қойылып келеді. Қыз баласы — қай елде болмасын, сол қоғамның ережелеріне бағынады. Қоғам ешқашан әйелдердің қабілетін толық бағалай алған емес. Еркіндікке деген күрес әлі де жалғасуда.
Біз осы жолдан қорықпай өткен, батыл әйелдерге қарап бой түзеуіміз керек.
Қазір спорт ерлер мен әйелдерді біріктіретін жай хоббиден де жоғары — ғажап күшке айналды.
Біз осындай қыздарымызбен мақтануымыз керек!
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Несипханова Аяулым
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі