Кибербуллинг — адамның ар-намысына тиетін, қорлайтын немесе қорқытатын әрекеттердің интернет арқылы жасалуы. Бұл — қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер мен балаларға тікелей қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыс.
Бүгінде кибербуллингтің бірнеше түрі кең таралған: қорлау, мазақ ету, жалған ақпарат тарату, қорқыту және бопсалау. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұл әрекеттерді жүзеге асыруды жеңілдетіп отыр.
Egov.kz сайтының мәліметінше, әлем бойынша 13-15 жас аралығындағы 150 миллионға жуық бала, яғни оқушылардың жартысы, құрдастары тарапынан интернет арқылы қысым көрген. Бұл өте алаңдатарлық көрсеткіш.
Егер сіз кибербуллингтің құрбаны болсаңыз, мынадай әрекеттерді жасағаныңыз дұрыс:
1. Мәселені бірден ата-анаңызға немесе сенімді ересек адамға айтыңыз;
2. Дәлелдерді сақтаңыз — скриншот, хаттар, хабарламалар;
3. Құқықтық көмекке жүгініңіз. Қазақстанда кибербуллинг заң жүзінде қарастырылып жатыр;
4. Қауіп төндіретін аккаунтты бұғаттап, әлеуметтік желі әкімшілігіне шағым түсіріңіз.
Кибербуллинг — көзге көрінбейтін, бірақ салдары ауыр психологиялық қысым. Бұл мәселе әрбір ата-ана, ұстаз және жасөспірім үшін маңызды. Саналы қолданушы болу — қауіптен қорғанудың алғашқы қадамы. Интернет — құрал. Ал оны дұрыс қолдану — біздің жауапкершілігіміз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абдраман Аяужан
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі