Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Креативті экономика түсінігі
1.2. Креативті экономиканың нарыққа енуі
II.
2.1.Әлем елдеріндегі көрсеткіш
2.2.Қазақстанның жалпы ішкі өнімінен алар үлесі
III.
3.1. Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудағы жұмыстар мен жақсарту жолдары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ғылыми жұмыста үздіксіз дамып жатқан жаhандық экономикада жаңадан пайда болған жаңа ұғымдар креативті экономика және оның экономикалық дамуда алатын орны қарастырылды.Экономика дамуының мемлекет дамуына тікелей әсер ететіні баршамызға мәлім. Дамыған мемлекеттерде креативті индустрия жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрайды.Ал бізде ше? Сондай-ақ жұмыста креативті экономиканы зерттеген шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі креативті экономиканың теориялары қарастырылды. Шетелдік ғалымдардың ішінде креативті экономика саласының аса танымал Р.Флорида, Дж. Хокинс, Ч.Лендри сияқты авторлардың еңбектері қарастырылды. Креативті экономиканың нарыққа енуі мен ары қарай дамуының шетелдік тәжірибелері көрсетілді. Сонымен бірге Қазастандағы креативті экономиканың даму жағдайы сипатталды. Креативті экономиканың даму деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер анықталып, олардың әлем елдеріндегі және қазақстандық жағдайы зерттелді.
Аннотация
В научной работе были рассмотрены креативная экономика и ее место в экономическом развитии, новые концепции, появившиеся в постоянно развивающейся мировой экономике. Все мы знаем, что развитие экономики оказывает непосредственное влияние на развитие государства. . В развитых странах креативная индустрия составляет 10 процентов валового внутреннего продукта. Рассмотрены теории креативной экономики в работах зарубежных ученых, изучавших креативную экономику. Среди зарубежных ученых Р. Флорида, Дж. Рассмотрены работы таких авторов, как Хокинс, К. Лэндри. Показан зарубежный опыт выхода на рынок и дальнейшего развития креативной экономики. При этом было описано состояние развития креативной экономики в Казахстане. Определены основные показатели, характеризующие уровень развития креативной экономики, и изучено их положение в странах мира и в Казахстане.
Annotation
The scientific work examined the creative economy and its place in economic development, new concepts that have appeared in the constantly developing world economy. We all know that economic development has a direct impact on the development of the state. . In developed countries, the creative industry accounts for 10 percent of gross domestic product. The theories of the creative economy are considered in the works of foreign scientists who have studied the creative economy.Among foreign scientists, R. Florida, J. The works of such authors as Hawkins, K. Landry are considered. Foreign experience of entering the market and further development of the creative economy is shown. At the same time, the state of development of the creative economy in Kazakhstan was described.
Кіріспе
Қазіргі уақыттағы экономика үшін ең маңызды орынға адами капитал ие болып отыр. Адами капиталды қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылатын адамның өмір бойы жинаған білімі мен дағдылары деп анықтауға болады. Осылайша, адами капитал адамның таланты мен қабілетіне теңестіріледі. Өз кезегінде талант пен қабілетті «креативтілік» деп қабылдауға болады.
Елімізде соңғы уақытта креативті индустрия туралы жиірек айтылып, бұл салаға мемлекет те аса мән беріп келеді. Бұл өз кезегінде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізері сөзсіз. Сондықтан Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажет екенін айтқан болатын. Ол өз жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналуда. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз аз емес. Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Соның ішінде зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе» деген еді.
Креативті индустрия – біздің өңірлерімізді де, тұтастай алғанда елімізді де дамытудың кешенді шарасы. Ал медиа, мәдениет пен креативті саланы біріктіру кешенді және жүйелі жұмыс атқаруға мүмкіндік береді. Басты міндет – осы бағытты дамыту жөніндегі қызметтің тиімділігін арттыру үшін барынша күш-жігер салу.[1]
Негізгі бөлім
1.1. Креативті экономика түсінігі
Жалпы, әлем бойынша «креативті индустрияның» анықтамасы бірыңғай термин ретінде әлі бекіген жоқ. Мәселен, Еуропалық одақ елдерінде бұл түсінік «мәдени және креативті индустрия (cultural and creative industries) деген ұғымға сыйған. Ал, ЮНЕСКО бойынша «креативті индустрия» деп бекіген. Ал, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы бұл саланы «индустрияның қорғалатын зияткерлік құқығы» деп аталса (copyright industries), Корея мен Жапония елдері экономиканың осы жаңа бағытын «контент индутриясы» деген түсінік аясында дамытып жатыр. Яғни, бұл сала әрбір елде әртүрлі пайымдалып жүр. АҚШ бұл бағытты қала адамдарының киімі мен өнері арқылы дамытып, «креативті индустрия» бойынша әлемде бірінші орынға шығып отырса, Германия ойын индустриясы және өнеркәсіптік дизайн арқылы креативті экономикасы дамыған әлемдегі екінші ел. Франция мен Италияның сән индустриясы және кинематографиясы мықты, Қытай визуалды өнер арқылы алға басып келеді. Оңтүстік Корея сөзсіз K-pop жанры бойынша әлем жұлдыздары үшін тартымды жер шарындағы екінші қалаға айналса, Перу мен Түркия жарнама мен пиардың көшбасшысы болып отыр
Инновация жаңа идеяның туындауынан басталады. Жаңа әрі пайдалы идеяларды ойлаптабуға қабілеттілік креатив деп аталады. Креатив жаңа және пайдалы идеяларды табу қабілеті ретінде анықталады. Демек, жаңа жұмыс бұрынғы жасалған жұмыстардан ерекшеленіп,белгілі шешімдер легіндегі алдағы қадам логикаға сүйенбей,нақтылығымен бірегей болуы тиіс. [2]«Kрeaтив» сөзі «шығармашылық» деген мағына беретінін білсек, «Креативті экономика» ұғымын там-тұмдап түсінуге болатын секілді. Мұндағы тауар – шығармашылық өнім немесе контент. Демек креативті экономика – адам қиялынан шығарылған өнімді сату, одан пайда табу деген сөз. Ал ой-қиял, білім, интеллект – сарқылмайтын ресурс.
Қазіргі ұғымда креативтілік – ауқымды және үздіксіз тәжірибе, ол барлық қабілеттерге ортақ дағдыларға, сондай-ақ экономикалық және басқа да пайда алу үшін қолданылатын тәжірибе мен құзыреттілікке негізделеді. Нәтижесінде, шығармашылық пен экономика арасындағы байланысты қарастыру қызықты болып көрінді. Осылайша «креативті экономика» түсінгі пайда болды. Креативті экономика-бұл негізінен қызмет көрсету саласында болып жатқан процестерді қамтитын шығармашылық сектордың экономикасы, бірақ осы саладағы қызмет нәтижелерін экономиканың барлық салаларында табуға болады. Креативті экономика-ең алдымен ғылым, өнер және мәдениет салаларының экономикасы. Ол инновацияның қозғаушы күші және ғылыми зерттеу саласында да, бизнес, өнер, мәдениет немесе дизайн саласында да жаңа тәсілдерді жасаушы болып саналатын шығармашылық таптың жоғары үлесіне сүйенеді.
«Креативтілік» терминінің кең таралуы (лат. creatio-жаратылыс) 1950-ші жылдары психологияда пайда болуынан басталды [3]. Креативтілік қазіргі адамның жеке басының мінез – құлқының ғана емес, күрделі ұйымдастырылған қарым-қатынас жүйелерінің қасиеті болып саналады, бұл жаңа термин – «креативті экономиканың» пайда болуына себеп болды.
2000 жылы Business Week журналында алғаш рет «Креативті (шығармашылық) экономика» деген жаңа ұғым қолданылған еді. Автор XXI ғасырдағы корпорацияның рөлін өзгерту туралы, идеялардың маңыздылығы артып, зияткерлік ресурстар өндірістің негізгі факторына айналған кезде оларды жаңа экономика жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктері туралы айтады. Креативті экономика субъектілердің бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және қосымша экономикалық және әлеуметтік әсерлер алуға мүмкіндік беретін стандартты емес әдістердің көмегімен туындайтын және ықтимал проблемаларды шешу қабілетіне негізделген.
Креативті салалардың дәстүрліден айырмашылығы: 1. Ресурс ретінде шығармашылық пен зияткерлік капитал қолданылады. 2. Саланың өнімі креативті материалдық және патенттер, сауда белгілері, авторлық құқықтар түріндегі материалдық емес өнімдер болып табылады.
1.2. Креативті экономика нарыққа қалай енді
1970-1980 жылдары әлемде экономикалық дағдарыс болды, оның себептері мұнайдың күрт қымбаттауы, қаржылық және экономикалық дағдарыстар еді. Дағдарыстың салдары өндірістің күрт құлдырауы, инфляция, доллардың халықаралық валюта ретінде қабылданбауы, постиндустриалды қоғамға көшудің басталуы, әлеуметтік наразылық, сондай-ақ АҚШ пен Еуропа елдеріндегі саяси қайраткерлердің ауысуы болды. Маргарет Тэтчер бастаған Ұлыбританияның жаңа Үкіметі интеллектуалды және шығармашылық капиталға негізделген экономиканы дамытуға индустриалды қалаларды қайта құруға негізделген елдің даму стратегиясын жасады. 1998 жылдан бастап креативті индустрияны дамыту ұлттық және муниципалды Британдық саясаттың басымдығы болып табылады. Ұлыбритания Үкіметінің мәдениет, БАҚ және спорт департаменті креативті индустрияларға келесі анықтаманы берді: «Креативті индустриялар бұл жеке шығармашылыққа, шеберлікке немесе талантқа негізделген және зияткерлік меншікті өндіру және пайдалану арқылы қосымша құн мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қызмет»[4]
2000 жылдардың басынан бастап әлемнің көптеген өңірлері мен қалалары білім, шығармашылық және инновация экономикасы ретінде креативті экономиканың бөлігі болып табылатын креативті индустрияларды дамыту бағытында қозғала бастады.Осы саладағы негізгі жұмыстар БҰҰ креативті экономика жөніндегі консультациялық кеңестің мүшесі Д.Хокинстің, экономист, әлеуметтанушы Р. Флориданың және Дүниежүзілік Банктің сарапшысы Ч. Лэндридің еңбектері болып саналады, оларда креативтілік жаңа экономиканың табысты дамуының атрибуты ретінде қарастырылады. 2001 жылы Дж. Хокинс «Креативті экономика. Идеялардан қалай ақша табуға болады» деп аталатын монографиясын шығарды. Автор креативті экономинаны жер, еңбек, капиталға негізделген экономикадан бөліп, шығармашылыққа негізделген жаңа жүйе деп қарастырады. Джон Хокинс өзінің монографиясында әлемдік экономикада пайда болып, оған әсерін тигізіп жатқан креативті индустрияларды зерттеді. Автор креативті индустриялардың қатарына дизайн, кино, музыка, бағдарламалау сияқты 15 шығармашылық саланы енгізген [5].
II
2.1.Әлем елдеріндегі көрсеткіш
Әлемдік статистикалық деректі бағдарласақ, бұл сала жылына шамамен 2,3 трлн доллар көлемінде табыс әкеледі. Халықаралық сарапшылардың есебінше, дүниежүзілік жалпы ішкі өнімдегі креативті индустрияның үлесі 3 пайыздың мөлшерінде. Тізбектеп көрсек: Аустралияда креативті индустрияның жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 5,7, Ұлыбританияда – 5,5, АҚШ пен Қытайда – 4,2, Италияда – 3,8, Германияда – 3,1 пайызды құрайды.
Дамыған елдер ондаған жылдар бойы креативті индустрияны қалыптастыруға баса назар аударып келеді. Бүгінгі таңда бұл сала жылына шамамен 2,3 трлн доллар табады. Креативті индустрияның жаһандық экспорты 250 млрд долларға тең. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар қатары үнемі өсіп келеді және олардың саны қазірде 29,5 млн адамға жетті. Болжам бойынша креативті индустрия алдағы жылдары жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10%-ын алады.Жаһандық инновациялық индекске сәйкес, биыл креативті экономика бойынша 132 елдің ішінде Швейцария, Швеция, АҚШ, Ұлыбритания және Сингапур көш бастады. Осылайша Швейцария қатарынан 13-ші рет әлемнің ең инновациялық экономикасы деп танылды. Биыл Швеция АҚШ-ты артқа тастап, екінші орынға көтерілді. Ал Сингапур үздіктердің бестігіне еніп, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты маңайындағы елдердің экономикалары арасында жетекші орынға ие болды.Қазіргі зерттеушілер креативті индустрияны мынадай үш модельге бөліп қарастырады: америкалық, скандинавиялық және шығыс-азиялық.[6]
Еуропадағы және бүкіл әлемдегі креативті экономикасы ең дамыған ел Ұлыбритания болып табылады. Креативті экономика елдің ЖІӨ-нің 7% - ын қамтамасыз етеді, бұл ретте сектор үнемі өсіп келеді. Соңғы жылдары шығармашылық жұмыс күшінің саны жалпы жұмыс күшіне қарағанда тез өсуде. Ұлыбританияның креативті экономикасынан сағатына 10 млн. фунт стерлинг табыс табады және жылына шамамен 9% - ға өсіп отырады [7]. Ұлыбританияның ең креативті бағдарланған қалаларына Ішкі Лондон, Беркшир, Бакингемшир және Оксфордшир кіреді. Еуропадағы креативті бизнестің ең қуатты өңірлік кластері Ішкі Лондон болып қала береді. Мемлекет үкіметі креативті экономиканы әртүрлі әлеуметтік экономикалық мәселелердің шешімі деп санайды, сол себепті саланың дамуы үшін жан-жақты қолдау көрсетеді.
АҚШ-тағы креативті экономика Ұлыбританияға қарағанда көбірек шоғырланған. АҚШ 2006 жылдан бастап негізінен дизайн өнімдерін, баспа және аудиовизуалды өнімдерді экспорттай отырып, креативті индустриялардың таза экспорттаушысы болып табылады. АҚШ-тың креативті экспорттық стратегиясы «глокализация» стратегиясы болып табылады, өйткені ол шетелдік тұтынушыларға бейімделген өнімдер мен қызметтерден тұрады. АҚШ-та мәдени, шығармашылық салаларды дамытудың бірыңғай федералды саясаты жоқ. Осыған қарамастан, АҚШ-та креативті индустриялар шеңберінде 2019 жылы 30 млн.астам жұмыс орны құрылды. Мәдени индустрияның саясаты АҚШ-та Штаттар мен муниципалитеттер деңгейінде жасалады және жүзеге асырылады. Онда әртүрлі мәдени бастамалар мен тәжірибелер жүзеге асырылады, олардың тәжірибесін АҚШ-тағы танымал «креативті қалалар» қозғалысын зерттеумен айналысатын ғалымдар мен практиктер талдайды. АҚШ-та екі мәдени сектор бар, олардың құрылу принципі әр түрлі: коммерциялық емес – саяси жағдайға және жеке қайырымдылыққа тәуелді өнер секторы. Мемлекеттік және муниципалды деңгейдегі мәдени саясат, мәдени миссияны жүзеге асыра отырып, қоғамның гомогенизациясын қамтамасыз етеді, әлеуметтік алып тастау мәселесін азайтады. Екінші секторға тұтынушылық сұранысқа бағынатын корпорациясының халықаралық деңгейіне бағдарланған - «копирайт – индустрия» коммерциялық сектор кіреді. Жалпы АҚШ-тағы кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтың төмен деңгейі орта және шағын бизнес секторындағы шығармашылыққа жаңа кеңістік ашады.
Оңтүстік Кореяда креативті экономиканың қалыптасуы мен дамуына мемлекеттік шектеулер мен медианы бақылауды алып тастау, киноның еуропалық және американдық аудиторияның талғамына қайта бағытталуы, K-pop ойын – сауықтың әлемдік нарығына-корей поп-музыкасының жаһандық субмәдениетке айналуы себеп болды. Креативті индустриялардың жекелеген салаларын дамыту және корей контентін жаһандық нарықтарға ілгерілету үшін 2007-2009 жылдары арнайы үкіметтік агенттіктер құрылды, мысалы, KOCCA [8].
Әлем аймақтарындағы креативті экономика секторлары (1 кесте)
Әлем аймақтары |
Азия-Тынық Мұхит аймағы |
Солтүстік Америка аймағы |
Еуропа елдері |
Креативті экономика секторлары |
ҒЗТКЖ, жарнама, сәулет,дизайн,сән, кинематография, туризм, шығармашылық қолөнер, теледидар және радио, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, тамақ өнеркәсібі, антиквариат нарығы, музыка, K-pop, видио-ойындар |
ҒЗТКЖ, жарнама, сәулет, дизайн, кинематография, теледидар және радио, музыка, баспа ісі, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, сахна өнері, сәндік-қолданбалы өнер, антиквариат нарығы, туризм. |
Жарнама, ҒЗТКЖ, сәулет, дизайн, сән, кинематография, бейне ойындар, шығармашылық қолөнер, теледидар және радио, музыка, ақпараттық және компьютерлік технологиялар, сәндік-қолданбалы өнер, антиквариат нарығы, сахна өнері, әдебиет, баспа ісі |
Жоғарыда келтірілген креативті экономиканың әлем елдеріндегі даму тәжірибесін ескере отырып, креативті экономиканың әлем аймақтарындағы секторларын бөліп көрсетуге болады. Осы секторлар кестеде келтірілген.
Жоғарыда аталған барлық елдердегі креативті экономика әртүрлі бағыттарда жылдам қарқынмен дамып келеді деп қорытынды жасауға болады. Қазіргі экономика негізінен креативті экономика болып табылады. Материалдық емес идеялар мен зияткерлік құқықтармен айналысатын креативті экономиканың мәні – жаңа идеяны шығару және оның бірегейлігін белгілеу.
2.2. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінен алар үлесі
2018 жылы британдық кеңес Нархоз университетімен бірлесіп жүргізген Қазақстандағы креативті индустрия зерттеулерінің деректеріне сәйкес елде креативті индустрияға жатқызуға болатын 17,7 мың кәсіпорын (елде тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санының 3,9% - ы) бар.
БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Қолдау білдірген елдер мәлімдемесінде креативті индустрия пандемиядан соң әлем экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні айтылған.[9]
Қазақстанға келетін болсақ, «UNESCO Institute for Statistics: Research and Development Expenditure 2019» зерттеуіне сәйкес ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындар ЖІӨ-нің 0,12%-на тең болған [10]. 2019 жылы Қазақстандағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындардың жалпы соммасы 82,3 млрд. теңгені құраған. Ал 2020 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның ҒЗТКЖ-ға жұмсаған шығындары ЖІӨ-нің тек 0,12%-ына тең болды [11]
Қазақстанның ҒЗТКЖ-ға жұмсаған шығындары(2кесте)
Жылдар |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
ЖІӨ, млн. Теңге |
||||||
ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындар, млн. теңге |
69 302,9 |
66 600,1 |
68 884,2 |
72 224,6 |
82 333,1 |
85 180,6 |
ЖІӨ-нің %
|
0,17 |
0,14 |
0,13 |
0,12 |
0,12 |
0,12
|
Жалпы Қазақстанның соңғы жылдардағы ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындарын 2-кестеден көруге болады.2 -кестедегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның ЖІӨ-нің жалпы мөлшері мен ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындардың 2015 жылдан 2020 жылға қарай артқанын көруге болады. Дегенмен, ҒЗТКЖ-ға кеткен шығындардың елдің ЖІӨ-дегі пайыздық көрсеткіші төмендеген. 2015 жылы Қазақстанда ҒЗТКЖ-ға 69,3 млрд. теңге жұмсалған болатын, бұл сәйкесінше, ЖІӨ-нің 0,17% - ына тең болған еді. 5 жылдан кейін, яғни 2020 жылы 85,2 млрд. теңге жұмсалып, ЖІӨ-нің 0,12%-ын құрады. ҒЗТКЖ-ға кеткен шығындар 2015 жылдан бері 19%-ға артқанын есептеп көрсетуге болады. Ал ЖІӨ-дегі пайыздық көрсеткіштің төмендеуі елдің ЖІӨ-нің жоғарылауымен түсіндіріледі.Р. Флорида бойынша креативті экономиканың даму деңгейін сипаттайтын екінші көрсеткіш креативті өнімділіктің өсуі болып табылады [12].
Қазақстандағы креативті экономиканың креативті жұмыс күшінің өсуі көрсеткіші жыл сайын дамып келеді. ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметтеріне сәйкес, елдегі ҒЗТКЖ-мен айналысқан зерттеуші-мамандар саны 2020 жылы 17412 адамға жеткен. Оның ішінде ғылым докторларының саны 1697 адам, бейіні бойынша докторлар-293, философияның PhD докторы – 1342, ғылым кандидаттарының саны 4169 адамды құрады [11].«2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда креативті индустрияның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2,67% болды. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5% жеткізу көзделіп отыр», - деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда креативтік индустрияларды дамыту мәселесі туризмді дамыту, индустриялық-инновациялық даму, «Цифрлық Қазақстан», «Бизнестің жол картасы-2025» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларында ішінара көрсетілген. Жергілікті деңгейде креативтік экономиканы дамыту бойынша да шаралар қабылдануда. Мысалы, Алматыда «Алатау» креативтік хабы» ашылып, қала әкімдігінде шығармашылық индустриялық басқарма құрылды. Сонымен бірге, креативтік саланы қазақстандық экономикалық өсудің жаңа нүктесі ретінде қалыптастыру креативтік индустрияларға қатысты мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін көрсететін тұтас стратегиялық құжат әзірлеуді талап етеді.Бұдан бөлек,креативті индустрияға қатысты өзгерістер мен толықтырулар Кәсіпкерлік кодексте және «мәдениет туралы» заңға енгізілу үстінде.Кодексте креативті индустриядағы жеке кәсіпкерлік – мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына енгізілген.Креативті индустрия тұжырымдамасы заңнамалық тұрғыда бекіттілгеннен кейін креативті экономика бағытына жататын 50қызмет түрінің қайсысын қолдау керек және олардың қайсысының болашағы бар екендігі анықталу керек.Осы тұрғыда Е.Еркінбаевтің айтуы бойынша,мемлекеттік қолдау тетіктері құрылуы қажет.Олардың ішінде креативті экономиканы дамытумен айналысатын орталық мемлекеттік орган сияқты мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Корпоративтік қор құру және сол қордың көмегімен еліміздің таланттарын іріктеуге,білім беруге,содан кейін халықаралық алаңдарға ілгерілетуге және олардың шығармашылығын ірі беделді алаңдарда іске асыруға ақша бөлінетіндігін вице-министр атап өткен болатын.
Goldman Sachs дейтін алпауыт банк бар. «Таяуда жүздеген мамандық қысқарады. Салдарынан 3 миллионға жуық жұмыс орны жойылуы мүмкін» деп болжам жазған еді. Демек келе-келе адам еңбегін жасанды интеллект алмастыра бастайды. Қарқынға ілесу үшін қазірден бастап қимыл керек. Мұны Президент те бірнеше рет айтып еді. Батыл қадамды біздің өңір бірінші болып бастады. Тұңғыш рет аймақта СеулТех жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Бұл нейрожүйелермен еркін жұмыс істеуге ынталы жастарды қолдайтын орталыққа айналады. Біле білгенге, бұл үлкен жаңалық. Байқағаным, аймағымызда жастар ІТ жобаларға батыл түрде қатысып келеді. Мәселен, Hackathon, InnoFest сынды ауқымды инновациялық жобалар аясында 7500-нан аса жас өз жобаларын жасап көрген. Үздіктері грант алды, таңдаулылары бизнесмендермен жеке жұмыс жасауға көшті, қалғандары идеяларын қайта дамытты. Өңірде Hackathon ІТ идеялар байқауы да өтті. Жаңа жобалардың бір бөлігі дәл осы жасанды интеллектке арналды. Аймақта ІТ мамандар жиі бас қосып тұрады. Кездесулерде «Қызылордада құрылыс нысандары жиі салынады, сондықтан да ІТ архитектор маманын дайындауға тиіспіз» деген сынды ойлар айтылады. Қазірдің өзінде Мақсат Жұмабек есімді студент Қызылордада салынып жатқан жаңа заманауи стадионның макетін жасауға атсалысқан. Бұл бір ғана мысал, – деді журналист, медиалектор Абай Тағыберген.
III.Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудағы жұмыстар мен жоспарлар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында креативті индустрия – медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтитын және жұмыспен қамтуға ықпал ететін экономика секторы ретінде айқындалған.
Қазіргі уақытта креативті индустрия мәселелері «Мәдениет туралы» ҚР Заңымен және 2021-2025 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасымен реттеледі. Сондай-ақ, сала өкілдерімен бірлесіп инфрақұрылымды, қолдауға бағытталған арнайы қор құру және креативті индустриямен жұмыста мемлекеттік мүлікті пайдалану жөніндегі тетіктер талқыланып жатыр. Заңнамалық көмек шеңберінде «Мәдениет туралы», «Білім туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарға толықтырулар енгізу жоспарланған.
Бұл бағыттағы қазақстандық жарқын тәжірибенің бірі – «Дом-36» арт-кеңістігі. «Дом-36» – Алматыдағы креативті хаб және түрлі саладағы таланттардың басын біріктіретін алаң. Арт-кеңістік аумағында дәрістер, көрмелер, фестивальдер, питчингтер және қайырымдылық шаралары өтеді. «Дом-36» пандемия басталғанға дейін ашылып, Алматы әкімдігі мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауы арқасында қазірге дейін дамуын жалғастырып келеді. Жобаның негізін қалаушылардың бірі Дәурен Түлеевтің айтуынша, «Дом-36» нарықтағы ең маңызды үш мәселені анықтаған. Олар: шығармашылық сала өкілдерінің білімі мен дағдыларының жетіспеушілігі, креативті салада кәсіпкерлікті дамытуға арналған үй-жайлардың болмауы және қаржыландыру көздерін табу.«Дом-36» осы мәселелерді шешуге бағытталған. Биыл «QazInnovations» қолдауымен бизнес-акселерация іске қосылды. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл – шығармашылық индустрия өкілдеріне арналған тегін оқу бағдарламасы. Оны сәтті аяқтағандар өз жобаларын инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алды. [13]
Cондай-ақ елде креативті экономиканы дамытуға бағытталған корпоративтік қор құру ұсынылды. Сол арқылы креативті индустрияны дамыту, таланттарды іздеу, өнімдер мен зияткерлік қызмет нәтижелерін экспорттау көзделіп отыр. Қазір оның капиталын анықтау мен бюджетіне қаржының қайдан алынатыны пысықталып жатыр. Бұл жайлы Аманат партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Жалпы бүгінде елімізде 95 мыңға жуық азамат креативті экономикада қызмет етеді. Олардың дені Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының тұрғындары. Ендігі міндет осы креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасау. Президент те осындай талап қойып отыр. Нартай Сәрсенғалиев, "Аmanat" партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңес төрағасы: - Креативті индустриядан түсетін табыстар ЖІӨ 1 пайызына да жетпейді. Жалпы осындай үлкен потенциалы бар үлкен мемлекет үшін бұл төмен көрсеткіш деп білемін. Өйткені сарапшылардан алған мәлімет бойынша бұл көрсеткіш дамыған елдерде 12 пайызға дейін жетеді екен. Үлкен мүмкіндіктер беретін ортада Қазақстанның да алатын орны жоғары болуы керек. Неге? Өйткені бүгінге дейін шекара асып кеткен талантты азаматтарымыз өте көп. Біздің азаматтарымыз жан-жақты. Олармен жұмыс істеуіміз керек.[14]
Ә.Әбішеваның айтуынша, экономикадағы «креативті экономика», «креативті индустрия», «білім экономикасы» сияқты жаңа терминдер тікелей жастардың зияткерлік білім деңгейімен байланысты. Креатив білімділік хабына айналады да, нарыққа өз өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар креативті жастар келе бастайды. Әрине, креативті кәсіпкерлік бағытын, креативтік әлеуетті, креативті экономиканы дамытуда мемлекеттің қолдауы қажет. Бұл жастардың жаппай шетелге кету үрдісіне де тоқтау болар еді. Мысалы, АҚШ елшілігі өңірдің креативті экономикасын дамытуға қолдау көрсетпек. Еліміздегі АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атташесі Эмбермен (Amber Aura) Павлодар облысы әкімдігіндегі кездесуде өңірдің креативті экономикасын дамытуға ерекше назар аудара отырып, өзекті және әлеуетті ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Жыл соңына дейін С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханада америкалық ерекше жоба бөлімі ашылады. Бұл – креативті өнертапқыш жастардың идеялары мен инновациялық жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігі. Кітапханада ашылған Maker Space шығармашылық зертханасына кез келген оқушы мен студенттер өздерінің жобаларын жасау үшін келеді. Яғни Maker Space – идеяларды іске асыруға арналған шығармашылық шеберхана. Жобалар мен стартаптарды іске асыруда пікірлестерді қасыңнан табасың.[15]
Қазақстанда креативті экономиканың негізгі шоғырланған аймағы Алматы қаласы болып табылады. Мұнда басқа ел аймақтарына қарағанда ең көп оқу орындары, мұражайлар мен театрлар орналасқан, шығармашылық салалардың ең ірі нарығы бар. Алматыда соңғы жылдары SmArt.Point және SIGS Space, ArtFuture, көп салалы «Трансформация» алаңы сияқты бірнеше ірі шығармашылық кеңістіктер ашылды. Алматыда Қазақстанның креативті секторының 45% - ы шоғырланған [16]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика үшін аса қажетті креативті индустрияны қолға алуды осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан. Қазір сол бастама ел игілігі үшін маңыздылығын көрсетіп отыр. Мәселен, Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған Шығармашылық индустрияны дамыту тұжырымдамасын бекітіп, жүзеге асыруды бастап, оған қатысты қызметтің 43 түрін белгіледі.
Нәтижесінде, ел бойынша 95 мың адам жұмыспен қамтылып, 32 мың кәсіпкердің жұмысы жанданған. Жақында шығармашылық жобалардың питчингтері, соның ішінде оқу семинарлары өткізілді. Оған 200-ден астам адам қатысты. Бұған қоса, білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ сынды салаларда 5-тен астам жоба қаржыландырылып, 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартылған екен.
Белгілі продюсер Ерболат Беделхан креативті индустрияны дамыту үшін бағдарлама қабылдау керегін айтады. «Әлемдегі мықты, танымал музыканың 70 пайызын жазатын Швецияның жеті-ақ миллион халқы бар. Сондықтан да солар сияқты біз де бағдарлама, ұлттық бағдарлама қабылдауымыз керек. Сонымен қатар нарық қалыптастыру керек. Ал нарық болса, біздің экспорттауға деген мүмкіндігіміз ашылады», – дейді ол.
Бүгінде екінші деңгейлі банктер (Forte, Jusan) мен BI Group құрылыс компаниясы білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ салаларда 5-тен астам жобаны қаржыландырып, 70 млн теңгеден астам жеке инвестиция тартылыпты. Қазір бұл индустрияның әлемдік нарықтағы көлемі 104,2 млрд долларға бағаланады, ал шығармашылық салалардың капиталдануы 2 трлн доллардан асады. Жыл сайын көрсеткіш тағы 15%-ға өсуде.[17]
Сондай-ақ жаңа өзгерістердің алдын алу және Шымкент қаласында «креативті индустрия» саласын дамытуды жүйелендіру мақсатында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына «креативті экономика» функциясын беру ұсынылып, ұсыныс қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тарапынан қолдауға ие болды.Айта кетерлігі, бұл шешімнің нәтижесінде республикадағы үшінші мегаполис - туризм саласына креативті экономика индустриясы қосылған бірінші басқарма болады. Жалпы, басқарма туризмді дамыту, инвестиция тарту, Smart-инфрақұрылым, креативті жобалар мен маркетинг, сыртқы байланыстар секілді заманауи трансформациялану бағыттарында қызмет атқаратын болады. Одан бөлек, аталған бастама Шымкент қаласы экономикасының дамуына жаңа серпін беріп, «Туристік креативті қала бейнесін» қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Туризм мен креативті индустрияны біріктіру – бұл ең алдымен туризмді жаңа деңгейге шығарып, саланы дамытуға тың идеяларды енгізе отырып, жаңашыл бағытта ілгерілеуге септігін тигізеді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған бағыттар қаланың жаңа бейнесін қалыптастырып және жаңа жұмыс орындарын ашып, экономика түсімін жоғарылатып, келуші туристер легін арттырады деген жоспар бар. Осы ретте, жастардың шығармашыл идеяларын қолдау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан түрлі сала өкілдерінен тұратын «Креативті кеңес» құрылды.[17]
IV
Қорытынды. Креативті экономиканың басты артықшылығы ретінде оның шикізатқа, жерасты қазба байлығына тәуелсіздігі айтылады. Бұл жердегі шикізат адам интеллектісі. Негізгі энергия көзі де сол. Басты мәселе, соны экономикалық айналымға түсіру. Жапонияның анимелері мен Кореяның дорамалары әлемнің барлық елдеріне тарап, өз елдеріне үлкен табыс әкеліп отыр. Бір ғана Kрop (Korea pop) бір жылда Корея еліне 36 млрд. доллар табыс әкеледі екен.[19] Бұдан бөлек, соңғы уақыттағы экономикалық, экологиялық, еңбек дағдарысы адамзатқа жаңа болашақ, жаңа өмір салты мен ұстанымдары қажет екендігін көрсетіп отыр.
Қазақстанның креативті экономикасын дамытудың тағы бір тұжырымдамасы деп шетелдік шығармашыл тұлғаларды олардан тәжірибе алу үшін елге тарту керек. Олармен бірге арнайы шығармашылық бірлестіктер мен институтттар құру қажет. Креативті экономиканы қалыптастыру және дамыту елдің әлеуметтік-экономикалық даму үшін жаңа көкжиектерді ашады. Креативті экономиканы қалыптастыру күрделі әрі ұзақ процесс болып табылады.[20] Дегенмен, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, Үкіметтің қолдауымен қазақстандық креативті кеңістікті қалыптастыру өте маңызды.Егер креативті экономиканы дамыту қолға алынса дамыған экономикалық ел қатарының алдына шығуға мүмкіндік ашылады. Қиялы ұшқыр ғана емес, одан өнім шығара алатын адамдарға мемлекет жағдай жасауы керек. Қызметтеріне байланысты жұмысты жеңілдететін заң дайындап, идеяны іске асыруға көмектесуге дейін. Айналып келгенде ол мемлекет үшін де пайда.
Қазақ халқы ежелден-ақ ұйымшыл халық ретінде танылған.Сол себепті де « Көп түкірсе – көл », «Қуаныш бөліссе көбейеді,қайғы бөліссе азаяды» деген сөздер Қазақстанымыздағы жаңа жобалар мен бастамалардың оңға басуы үшін үлкен қолдаудың керектігін дәлелдейді.Үлкенді-кішілі бастамаларымызға жұмыла атсалыссақ,әлі талай өнімін көреріміз анық.Жастарды қолдау-ел болашағының жарқын кепілі.Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті және дамыған елдер қатарында болуы үшін заман талабына сай әрдайым даму үстінде болуы маңызды.Ал мұны жүзеге асыруда жоғарыда тізбектеліп,аталып кеткен елдердің үлгісіне көз салып, ой шығару.Бұған қоса,өз ұлтымыздың әлемге ерекше жаңа толқын ретінде әкелетін дәстүрлі құндылықтарын таныстыру және соған деген қызығушылықтарын ояту.Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының ұлттық құндылықтарын әлемдік нарыққа шығарудың арқасында елді барша жұртқа таныту.Қазіргі уақыт креативті индустрияның «Алтын ғасыры» саналатындықтан,Қазақстан мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауы тиіс.[18] Креативті индустрия-бұл жай ғана қажеттілік қана емес, бұл – әлем елдері арасында артта қалып қалмаудың жолы.Сол жолда дұрыс бағытты ұстанып,алға қарай ұмтылу біздің елдің басты мақсаттарының бірі болуы тиіс.
Осылайша, болашағы бар ел ретінде біз үшін бұл салада еліміздегі шығармашылық белсенділікті арттырып,мәдениеттің сұранысқа ие өнімін шығару мүмкіндігі жатыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. https://aikyn.kz/259054/kreativti-industriya---el-damuynyn--k-aynar-kozi
2. Гембл Джон,Питереф Маргарет,Томпсон Артур.,Стратегиялық менеджменмт негіздері:Бәсекелік артықшылыққа ұмтылу
3. Белокрылова О.С. Мировой опыт формирования креативной экономики и возможности его использования в России // Terra economicus. – 2020– № 4-2 – С. 5-11
4. Creative industries mapping document. [Electronic resource] – Available at: https://www.gov.uk/ government/publications/creative-industries-mapping-documents
5. Hawkins J. Kreativnaya ekonomika [Creative Economy] (Moscow: Izdatel’ski dom “Klassika –XXI”, 2019, 322 p.). [In Russian]
6. https://kaz.inform.kz/news/alemdk-trendke-aynalgan-kreativt-industriyanin-mumkndkter-kanday-62d3bf/
7. Comparing the Creative Economies of Canada, the U.K., and the U.S. [Electronic resource] – Available at: https://www.citylab.com/life/2016/04/how-do-the-worlds-top-creative-economies-stack-up/479022/
8. Blagova I.Yu. Zarubezhnyj opyt razvitiya kreativnyh industrij, (Problemy sovremennyh sociokul’turnyh issledovanij: sbornik nauchnyh trudov po materialam Mezhdunarodnoj nauchno-prakticheskoj konferencii 27 oktyabrya 2020g [Foreign experience in the development of creative industries, Problems of modern sociocultural research: a collection of scientific papers based on the materials of the International Scientific and Practical Conference October 27, 2020], Belgorod: OOO Agentstvo perspektivnyh nauchnyh issledovanij, 45-48 (2020). [In Russian]
9. https://egemen.kz/article/294026-kreativti-ekonomika-%E2%80%93-qanday-ekonomika
10. Gross domestic spending on R&D. [Electronic resource] – Available at: https://data.oecd.org/rd/gross domestic-spending-on-r-d.htm
11. The National Statistical Bureau of the Republic of Kazakhstan. [Electronic resource] - Available at: https://stat.gov.kz/ 13.
12. Флорида Р. Креативный класс: люди, которые меняют будущее. – Москва: ИД «Классика-XXI»
13. https://kaz.inform.kz/news/alemdk-trendke-aynalgan-kreativt-industriyanin-mumkndkter-kanday-62d3bf/
14. https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/628797-kreativti-ekonomika-elde-ta-y-bir-or-ryluy-m-mkin
15. https://kz.kursiv.media/kk/2023-12-26/bqzb-kreativti-ekonomika-qalaj-damyp-keledi/
16. https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/253355
17. https://aikyn.kz/259054/kreativti-industriya---el-damuynyn--k-aynar-kozi
18. INNOVATIVE SCIENTIFIC RESEARCH: THEORY AND PRACTICE
19. JOHN «THE KOREA CREATIV CONTENT Agency - КОССА »
20. Economic research institute Qazaqstan: «От искусства до Big data: что Казахстан может предложить в креативной экономике.
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі