Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады?

Басты бет / Биология / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Денсаулық / Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады?

Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады? — Денсаулық бөліміндегі материал.

Материал — бұлшық ет, Дене шынықтыру, анаэроб, спорт — осы тақырыптарға байланысты.

Ұзақ уақыт бойы дене шынықтырумен айналыспаған адам ауыр жұмыс істеп, денесіне күш түсірсе денесінің ауыратынын жақсы біледі. Себебі бұл ауру 5-6 сағаттан кейін басталып, келесі күні артады. Неліктен деп ойласаңдар? Қарқынды жұмыс кезінде бұлшық ет анаэробты режимде жұмыс істеп, оттегі жетіспеушілігінің салдарынан энергия қорын жұмсайды. Анаэробты процесстің соңғы өнімі – сүт қышқылы болғандықтан, егер түсетін күш орташа болса, сүт қышқылы бұлшық еттен қан арқылы шығады. Ал күш ауыр болатын болса, сүт қышқылы бұлшық еттен шығып үлгермей, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Сондықтан бұлшық еттеріміз ауырады.

Бұлшық етті ауыртпау үшін не істеуге болады?

1) Дене шынықтырумен үнемі шұғылдану керек. Мұндай ауру ұзақ уақыт спортпен шұғылданбай, аз уақытта денесіне қарқынды күш түсірген адамда болады. Сондықтан қалыпты жаттығу жасап денені машықтандыру керек. Сонда ғана ауру сезілмейді. Бұл сүт қышқылы өндірілмейді деген сөз емес. Дене әдеттегі күшке үйренген соң дененің бұлшық еті ауырмайтын болады.

2) Бірінші күні денеге бірден ауыр күш түсірмеу керек. Күшті біртіндеп арттыру керек. Көп адамдар жаттығудан кейін дененің ауруын қалыпты жағдай деп санайды. Алайда белгілі бір ауру ағзада белгісіз жағдайдың орын алғанын білдіреді. Яғни бұлшық еттерге шамадан көп күштің түсуін байқатады.

3) Жаттығу алдында денені қыздыру керек. Егер бұған дейін дене ауырып тұрған болса, ешқашан жаттығуды тоқтатпау керек. Өйткені жаттығу жасау ағзадағы зат айналу процесін жылдамдатады. Сондықтан жаттығу қарқынын ғана азайту қажет. Денеге массаж жасау, душ қабылдау – жаттығу барысында жиырылған бұлшық еттерді сергітеді. Мол су ішу – зат алмасу процесін жақсартып, қажетсіз өнімдерді денеден бөліп шығаруға көмектеседі.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

замира

бұлшықет ауырғанда қандай дәрі комектеседі.қандай жұмыс қимыл жасайык???

дамегул

Еки иыгымнан тумен еки колымнын булшяк ети ауырады кандаи ем колдансам болады

Myrza

Өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады? деген не?

Бұл бетте Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады? тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Неге денеге күш түсіргенде бұлшық еттер ауырады? материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар бұлшық ет тақырыбындағы материалдар Дене шынықтыру тақырыбындағы материалдар анаэроб тақырыбындағы материалдар спорт тақырыбындағы материалдар жаттығу тақырыбындағы материалдар