Өлең, жыр, ақындар

Фактчекингпен жұмыс істеудің журналист үшін маңызы


Журналистика – бұл шындық пен әділдікті қатар алып жүретін мамандық. Ал әділдік пенен шындық болмаса, ол абыройсыз маманға айналады. Халыққа хабар тарату мақсатында оқиғаның рас-өтірігін мұқият тексеріп, зерттеу – басты қағида. Интернет желісі мен аудиохабарламалар арқылы таралатын жалған ақпарат құрбандары күннен-күнге көбеюде. Қазіргі таңда БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдары түрлі шараларды қолданып, жалған ақпарат таратушылармен күресіп келеді. Сондықтан көрерменге шынайы ақпаратты жеткізу – журналистің өз ісінің маманы екенінің бір дәлелі. Фактчек – ел алдындағы тұлғалардың мәлімдемесі мен медиа материалдарда айтылған нақты тұжырымдардың рас-өтірігін анықтайтын журналистиканың саласы. Ал ғылыми тілде жалған ақпаратты біз «фейк» деп айтамыз. Ақпаратты жалған түрде жеткізсек, ол бүтін бір мемлекеттің немесе жұрт арасындағы татулық пен бірліктің тас талқаның шығаруы мүмкін. Ал елімізде жалған ақпарат өте жылдам қарқынмен тарап кетеді. Мұның салдары салдары бірнеше адамның зардап шегуіне әкеліп жатады. «Журналистің бірінші қаруы – сөз», екінші қаруы – фактчекинг десек, жаңылмаймыз. Біздің қоғамға, әсіресе журналистерге медиасауаттылық жетіспейді. Фактчекинг пен медиасауаттылықты қос қаруындай сермеген журналист қана көрерменеге пайдалы һәм шынайы ақпарат таратады.

 

Риза САПАРҚЫЗЫ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз