Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан туризмінің бүгінгі жағдайы қандай?


Қазақстан – ерекше орындарға толы мекен. Еліміздің көрікті аймақтары сағат сайын түрленіп, жанданып, халық сұранысын арттыруда. Онымен қоса, кей аумақтардағы саф ауаның  тазалығы да адамға ерекше әсер қалдырады. 
«Шымбұлақ» курорты қазіргі таңда еліміздің туризм саласының дамуына өз үлесін қосуда. Көрікті жерлерді атау керек болса, баяғы әдетімізше тек «Медеу» мұз айдынын ғана емес, «Көлсай» мен «Шарын» шатқалын да естен шығармаған жөн болар. Батыстың төрінен орын тепкен Ақтау өңіріндегі аспанмен таласқан асқар таулар да туризм саласына өз ықпалын тигізуде.    Алматы қаласында орналасқан «Қазақ спорт және туризм академиясы» туризм саласында білікті мамандар даярлауда. Қазақстандағы туризмнің бүгінгі жағдайы өткен күнмен салыстырғанда едәуір артқан десек те болады. Әсіресе көрікті жерлерімізді алыстан аңсап, қызығушылық танытатын өзге ұлт өкілдері өте көп. 
 Бүгінде Қазақстан туризмі ТМД елдерінің арасында қызу бәсекелесіп келеді. Соған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл салаға ерекше көңіл бөлу керек екенін баса айтқан еді. Басшылық тарапынан Қазақстан туризмінің дамуы мен көркем жерлерді көбейту үшін түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр.

 

Риза САПАРҚЫЗЫ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз