Өлең, жыр, ақындар

Туған жерім – Қазақстан

«Туған жер» деген ұғымды біз қалай түсінеміз?

Туған жер — сенің кіндік қаның тамған жер, балалық шағың өткен мекен. Ол – әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын киелі топырақ. Бұл – алғашқы қадамыңды басқан, алғаш сөйлеп, алғаш күлген жерің. Туған өлке – санада терең із қалдыратын, ыстық сезім мен шексіз сағыныш тудыратын мекен.

Қазақстан – көне тарих пен қасиетті жерлерге бай ел. Бұл кең-байтақ өлкеде әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Солардың бірі – менің туып-өскен жерім, Шымкент қаласы. Бұл шаһардан атақты спортшылар, халық қаһармандары шыққан. Мен Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Елтай ауылында тұрамын.

Қазір 17 жастамын. Шетелге шықпасам да, еліміздің бірнеше қалаларында болдым. Соның ішінде Алматы қаласы менің жүрегіме ерекше жақын. Алматы – табиғаты көркем, ауа райы құбылмалы, тауы мен орманы қатар орналасқан әсем қала. Мұндағы адамдар өте кішіпейіл, жастары еңбекқор. Бұл қалада қарап отыру мүмкін емес – үнемі қозғалыс, даму, ізденіс үстінде боласың. Сондықтан Алматыға барып, ештеңе үйренбей қайтсаң, бұл – үлкен мүмкіндік жіберіп алу деген сөз.

Алматы – Қазақстандағы ең қымбат қала. Онда өмір сүру оңай емес. Бірақ сол қиындықпен қатар, үлкен мүмкіндіктер де бар. Көптеген әйгілі ғимараттар мен қонақ үйлер осы қалада орналасқан. Себебі бұл – еліміздің ірі мегаполисі.

Алматының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, ол – табиғаты ерекше, Алатаудың етегінде орналасқан сұлу қала. Демалыс орындары да жеткілікті.

Ал екіншіден, экология мәселесі алаңдатарлық. Ауа ластануы, көлік көптігі, өндіріс орындары – бәрі тұман мен ластануға әкеліп соғады. Бұл – қала тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер ететін басты проблема.

Дегенмен, біз Алматыны жақсы көреміз. Ол – мүмкіндіктер қаласы. Ендеше оны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Келешек ұрпақ – біздің болашағымыздың айнасы.

Алдағы уақытта Қазақстанның басқа да қалаларын аралап, болашақта әлемді саяхаттау – менің үлкен арманым. Бірақ қанша ел көрсем де, туған жерім – мәңгі жүрегімде қалады.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай:

«Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, оны Шымкентте сүру керек» демекші, мен ел араласам да, ауылдан кетсем де, менен ауыл ешқашан кетпейді!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Досмахан Айгерім

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз