Қазіргі заманда әлеуметтік желісіз өмірді елестету қиын. Күнделікті жаңалықпен бөлісу, алыстағы жақынмен тілдесу, білім мен ақпарат іздеу – барлығы осы виртуалды кеңістікте жүзеге асып жатыр. Бұл, сөзсіз, әлеуметтік желілердің үлкен пайдасы екенін көрсетеді.
Мәселен, алыста жүрген туыстармен, достармен байланыс үзілмейді. Қажетті мәліметтер мен жаңалықтарды лезде тауып, түрлі салалар бойынша білім алуға да мүмкіндік бар.
Алайда бәрі де шектеумен болғаны дұрыс. Әлеуметтік желіге шамадан тыс тәуелділік адамға зиянын тигізбей қоймайды. Көптеген адамдар бос уақытын түгел дерлік телефон шұқылап өткізеді. Бұл тек көздің көру қабілетіне емес, психологиялық жағдайына да әсер етеді.
Адам өз өмірімен емес, өзгенің өмірін бақылаумен әуре болады. Уақыт өте келе бұл әрекет өз-өзіне сенімсіздік, қызғаныш, күйзеліс сияқты жағымсыз сезімдерді тудыруы мүмкін. Әсіресе жасөспірімдер үшін бұл – өте қауіпті.
Сондықтан әлеуметтік желіні дұрыс мақсатта, белгілі бір уақытпен пайдалану маңызды. Егер оны тек пайда табу, оқу немесе байланыс үшін қолдансаң – бұл өте тиімді құрал. Ал шектен тыс қолдану – денсаулыққа да, санаға да кері әсер етеді.
Ең бастысы – тепе-теңдік сақтай білу. Уақыттың қадірін біліп, желіні өзіңе қызмет еткізсең, ол – пайда. Ал сен желінің құлы болсаң – ол зиян.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абубакирова Назерке
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі