Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:
– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.
– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.
– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.
– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.
– Шырағым, аулыңның үлкені кім? – депті Тоқсаба тағы.
– Үлкені түйе болады, – депті бала.
– Жоқ, балам, сақалдысын айтам? – десе:
– Ауылдың сақалдысы теке,– депті. Тоқсаба сөзден тосылып, шақшасын алып насыбайын атыпты. Сонда бала:
– Ата, шақшаңыз ненің мүйізі? – деп сұрапты. Тоқсаба:
— Балам, бұл біздің елдің қоянының мүйізі, – депті.
Бала: – «Елі азғанның жері азған» деген осы-ау, біздің елдің қоянының мүйізінен шаңырақ иеді, сіздің елдің қоянының мүйізінен шақша ғана шыққаны ма? – депті.
Тоқсаба сөзден тосылғанын біліп, жүріп кетіпті де еліне келген соң «кез енді мына бала алып қалды», –депті.
Аққойлы елінің ені кез екен, соны мына бала енді елді билейді деген сөзі екен. Айтқанындай ержеткен соң Аққойлы елін сол бала билепті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Лаура
Тоқсаба дегеніміз не
Лаура
Жабай атамызды тоқсаба атауының себебі неде