Қазіргі жаһандану дәуірінде бірнеше шет тілін білу — адамның жеке қызығушылығы ғана емес, еңбек нарығындағы сұранысқа сай қажеттілікке айналып отыр. Әлем елдері арасындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстардың артуы көптілділіктің маңызын арттыра түсті. Бұл үдеріс жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және кәсіби әлеуетінің артуына тікелей ықпал етеді.
Бүгінде шет тілін меңгеру көптеген адамдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бір жағынан, тіл үйрену – саяхаттап, жаңа мәдениеттермен танысудың құралы болса, екінші жағынан — білім алу, халықаралық компанияларда қызмет ету немесе кәсіби аударма саласында жұмыс істеу үшін маңызды құрал. Мәселен, ағылшын тілін жетік меңгеру арқылы шетелдік жоғары оқу орындарына түсу, халықаралық деңгейдегі жобаларға қатысу немесе шетелдік серіктестермен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі артады.
Алайда көп тіл меңгеру оңай шаруа емес. Бұл жүйелі еңбекті, табандылықты, үздіксіз тәжірибені талап етеді. Осыған қарамастан, тіл үйренудегі еңбек пен уақыт — адамның болашағына жасалған тиімді инвестиция болып есептеледі.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан үштілділік саясаты — соның айқын дәлелі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеру — қазіргі жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына негіз болады. Бұл – тек мемлекеттік бастама ғана емес, әрбір азаматтың болашағы үшін маңызды бағыт.
Сонымен қатар, тіл — тек қарым-қатынас құралы емес, ол — ұлттың дүниетанымын, рухани болмысын, тарихы мен мәдениетін жеткізуші құрал. Сондықтан ана тілімізді құрметтей отырып, өзге тілдерді меңгеру — адамды жан-жақты, білімді, мәдениеті жоғары тұлға ретінде қалыптастырады.
Көп тіл білу — қазіргі заманның басты талаптарының бірі. Бұл тек мансаптық жетістікке қол жеткізудің емес, сонымен қатар адамның интеллектуалдық әлеуетін арттырудың да тиімді жолы. Тіл меңгеру – уақытша үрдіс емес, ұзақмерзімді инвестиция. Сондықтан да тіл үйренуді мүмкіндік ретінде қабылдап, оны үздіксіз даму мен жетістікке жетудің құралы ретінде қарастыру қажет.
Алтынай Мұратқызы
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі