Бүгінде адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық проблемалардың бірі – ауызсу тапшылығы. Су – тіршіліктің негізгі көзі. Алайда, қазіргі таңда миллиондаған адам таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. Бұл мәселе әсіресе Африка құрлығының көптеген аймақтарында айқын байқалады.
Мәселен, Сахараның оңтүстігіндегі бірқатар елдерде әрбір үшінші адам таза су көздеріне зәру. Адамдар күн сайын бірнеше шақырым жол жүріп, кейде тек лай су табуға мәжбүр болады. Мұндай жағдайлар тек тұрмыстық қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық даму мәселелеріне де тікелей әсер етеді. Лас судан туындайтын аурулар жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмайды, әсіресе балалар арасында өлім-жітім жиі кездеседі.
Жер бетінің шамамен 70%-ын су алып жатқанымен, оның тек 2,5%-ы ғана тұщы су болып табылады. Ал бұл тұщы судың басым бөлігі мұздықтарда немесе жер астында орналасқан. Тікелей тұтынуға жарамды су мөлшері — бар болғаны 0,3%. Демек, адамзаттың пайдаланатын суы — Жер бетіндегі ең шектеулі және аса құнды табиғи ресурстардың бірі.
Сусыз өмірді елестету мүмкін емес. Адам ағзасының шамамен 60–70%-ы судан тұрады. Адам бірнеше апта бойы тамақсыз өмір сүре алғанымен, сусыз бар болғаны бірнеше күн ғана өмір сүре алады. Бұл — судың адам өміріндегі маңызын айқын көрсетеді.
Су – өмірдің бастауы, ал оған тең қол жеткізу – барша адамзаттың құқығы. Ауызсу тапшылығы – бір ғана мемлекеттің емес, бүкіл әлем қауымдастығының ортақ мәселесі. Сондықтан суды үнемдеу, табиғатқа ұқыпты қарау – әр азаматтың азаматтық борышы. Су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау — болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Су тапшылығы – тек экологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және гуманитарлық мәселе. Осы жаһандық қиындықты еңсеру үшін барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бірлесіп, нақты шешімдер қабылдауы қажет. Ал әрбір адам жеке деңгейде суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға міндетті. Өйткені су – болашақтың байлығы.
Алтынай Мұратқызы
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі