Адам — қоғамнан тыс өмір сүре алмайтын тіршілік иесі. Әрбір тұлға — қоғамның бір бөлшегі, ал қоғам – тұлғалардың жиынтығы. «Қоғам және тұлға» тақырыбы өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес, себебі бұл екеуінің байланысы — өміріміздің негізгі өзегі.
Тұлға — бұл жай ғана адам емес, өзіндік көзқарасы, өмірлік ұстанымы, мақсаты бар азамат. Тұлға болып қалыптасу — ұзақ әрі күрделі үдеріс. Бұл жолда отбасы, мектеп, қоршаған орта, ақпарат құралдары және тұтас қоғамның ықпалы зор. Яғни, қоғам тұлғаны тәрбиелейді, ал тұлға қоғамды дамытады.
Қазіргі заманда тұлғаның қоғамға тигізер ықпалы ерекше. Кез келген өзгеріс, жаңалық, реформа — жеке адамның бастамасынан басталады. Мысалы, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген ғалымдар, ұстаздар, дәрігерлер немесе өнер қайраткерлері – бәрі де қоғамның дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар. Олардың еңбегі мен идеясы мыңдаған адамның өміріне оң әсер етуі мүмкін.
Алайда қоғам кейде тұлғаға қысым көрсетіп, еркіндігін шектеуі де мүмкін. Бұл әсіресе демократиялық құндылықтар әлсіз дамыған мемлекеттерде жиі кездеседі. Сондықтан әрбір тұлға өз пікірін ашық білдіріп, қоғамдық істерге белсенді араласуы қажет. Осылай ғана әділетті әрі дамыған қоғам қалыптасады.
Қоғам мен тұлға — бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Тұлға қоғамға қарап өседі, ал қоғам тұлғаның әрекетіне қарай өзгереді. Әр адам өз орнын сезініп, елдің болашағы үшін жауапты екенін түсінгенде ғана шынайы дамыған қоғам құрылады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әбілқасымқызы Меруерт
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі