Уақыт өз арнасымен ағып жатқан ұлы өзен секілді. Ал тарих сол өзеннің терең
иірімдері. “Кешегі күн – тарих, ертеңгі күн – құпия, ал бүгінгі күн – тағдырдың сыйы.” –
демекші, өткенімізге көз жүгіртіп, тарих әлеміне еніп көрейік.Әр халықтың өткенін
білуі оның болашағының кепілі. Тарихқа көз жүгірту өзімізді танудың, ұлт болып
ұйысудың маңызды жолы.
Біз де тарих толқынына бойлап, халқымыздың ғасырлар бойы жүріп өткен жолына көз
салайық. Қазақтар тарих сахнасына шықпай тұрып, бұл далада сақтар мен ғұндар
сияқты жаужүрек тайпалар өмір сүрген. Одан кейін Алтын Орда мен Қазақ хандығы
дәуірлерінде мемлекеттігіміз нығайып, бұл тарих Тәуелсіз Қазақстанмен жалғасты. Әр
дәуір биік бір толқын іспетті. Бұл толқындар бізге тек дерек емес, рух пен тәрбие
береді.Қазақ халқының рухын күй мен жыр, тарихи шығармалар арқылы сезінуге
болады. Құрманғазының “Балбырауын” күйі маған ұлттық рух пен қайсарлық
сыйлайды. “Елім-ай” әні ашаршылық пен соғыс жылдарындағы халықтың ауыр
қайғысын елестетеді.Ал “Қазақ хандығы” телехикаясы көптеген жастардың тарихқа
деген қызығушылығын арттырды. Тарих тек шежіре емес, ол ұлттың жадында
сақталған өмірлік сабақ.Халқымыз ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс сияқты ауыр
кезеңдерден өтті. Ата-бабаларымыз сол қиындықтардан сүрінбей өтіп, бізге азат өмір
сыйлады.
Бүгінгі жастар ел болашағы. Өткенін ұмытпаған, одан сабақ алған ұрпақ қана
келешегін кемел ете алады. Сондықтан тарихты білу әр азаматтың парызы, ал оны
құрметтеу елге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.
- Мәулітбек Ұлас
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі