Өлең, жыр, ақындар

Әрекетке – берекет

Халқымыз “Әрекетке – берекет” деп бекер айтпаған. Бұл сөздің түбінде өмірлік қағида

жатыр. Адамда арман, мақсат болады, бірақ егер тек оймен шектеліп қалса, бұл тек

қиял ғана. Нәтижеге жеткізетін жалғыз жол біреу ғана бұл әрекет ету.

Адамдар өз мақсатына жету жолын нақты қай уақытта, қалай боларын алдын ала

білуге міндетті емес және олай бола бермейді де. Бірінші қадамнан соң ғана

келесі қадам басу үшін жол көріне бастайды. Кейде біз тек нәтижені ойлап, қорқып

шегінеміз. “Қолымнан келмейді”, “басқаларда мүмкіндік көп” деп өзімізді тоқтатамыз.

Ал шын мәнінде, әрекет етудегі ең үлкен кедергі біздің ішкі қорқынысымыз бен

негативті ойларымыз.Тіпті кішкентай қадам үлкен жетістіктің бастауы болуы мүмкін.

Кейде біз өзгелердің тек сәттілігін көріп, таңдана қараймыз.Алайда олардың

жетістігінің артында қаншама тынымсыз еңбек, талпыныс, еңбекқорлық жатқанын

елемей қаламыз.Мысалы, әлемге әйгілі жазушы Джоан Роулингтің “Гарри Поттер”

кітабы алғашында 12 баспадан бас тартуға ұшыраған. Егер ол әрекет етуді

тоқтатқанда, бүгінде әлемге танымал жазушы болмас еді. Сондай-ақ, әйгілі кәсіпкер

Илон Маск алғашқы зымырандарын ұшыру кезінде бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған,

бірақ әрекеттен тайынбағаны үшін бүгінгі жетістігіне жетіп отыр.

Әрекет нәтижеге апаратын тұқым секілді. Уақыты келгенде ол жемісін береді. Кішігірім

әрекеттерден үлкен жетістік құралады.Сені алға жетелейтін сенің арманың емес,

әрекетің. Арман -жолдың басы, ал әрекет - сол жолдың өзі. Береке әрекет етуден

тайынбаған, табандылықпен алға ұмтылған адамға ғана беріледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз