Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабековтің шоқтығы биік туындыларының бірі — «Гауһартас» повесі. Бұл шығарма оқырманға терең ой салып, кеңестік идеология мен ұлттық дәстүр арасындағы күрделі қарым-қатынасты шебер жеткізеді. Повесте Алматы облысындағы Аршабай ауылында өмір сүретін қарапайым қазақ отбасының тыныс-тіршілігі, ұрпақ тәрбиесі, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы көзқарас қайшылығы бейнеленеді.
Шығармадағы ерекше бейнелердің бірі — отбасына жаңа келін болып түскен Салтанаттың образы. Оның ішкі жан дүниесі, парасаты мен мейірімі — тар ортада жүріп те нұр шаша білген, жан жылуын төге алған әйелдің бейнесін аша түседі. Қатал әрі қағидалы Ыбыштың өзі оның ықпалынан шет қала алмайды. Ыбыш — әке тәрбиесінен аттамауға тырысқан, сол тәртіп пен ұстанымның көлеңкесінде өмір сүрген жан. Оның әрекеттері арқылы сол кезеңдегі ер адамдардың ішкі тартысы мен қоғамнан алған «міндетінің» ауыртпалығы көрініс табады.
Ал Салтанаттың өмірлік ұстанымы — қандай қиындық болса да, үміт пен күлкіні жоғалтпау. Үш-ақ рет көріп, тілдеспеген жанмен тағдырын қосып, сол адаммен өмір сүруді қабылдай білу — рухани күш пен даналықтың көрінісі. Ол қиындықтардан сүрінбей, өз бақыты үшін күресе білді. Образ ретінде ол — әйелдің ішкі мықтылығы мен парасатының символы.
Салтанатты әрдайым қолдап, түсіністік танытқан адам — Қайыркен, яғни оның қайын інісі. Ол жеңгесінің жанын түсініп, әр сөзінен, әр әрекетінен жылу мен терең мағына таба білді. Қайыркен мен Салтанат арасындағы байланыс — адамгершіліктің, мейірімділіктің, рухани үйлесімділіктің үлгісі. Бұл арқылы автор шынайы адами қатынастарды, жанашырлық пен сыйластықтың маңызын көрсетеді.
Қорытындылай келе, «Гауһартас» повесі — оқырманды адамгершілікке, өмірге құштарлықпен қарауға, мықты болуға баулитын шығарма. Салтанаттың бейнесі қазіргі таңда да маңызды. Себебі ол — өмірді сүюдің, үміттен айырылмаудың, жан дүниеңмен жарқырай білудің үлгісі. Шығармада көтерілген мәселелермен қатар табиғат суреттері де көркем әрі әсерлі сипатталған.
Бұл туындыны оқуға кеңес беремін. Себебі әр адам одан өзін табуы, ой түюі, өмірге көзқарасын қайта саралауы әбден мүмкін.
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі