Көп тілді білу – заман талабы ма?

Басты бет / Әңгімелер мен мақалалар / Оқушы және студент жұмыстары / Көп тілді білу – заман талабы ма?

Көп тілді білу – заман талабы ма? — Оқушы және студент жұмыстары тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Қазіргі таңда әлем күн сайын өзгеріп, жаңа технологиялар мен мүмкіндіктер пайда болуда. Осындай жаһандану дәуірінде көп тілді білу – жиі талқыланатын маңызды мәселе. Біреулер үшін бұл – табысты болудың кепілі, ал енді біреулер үшін – ана тілін шетке ысырып қою қаупі. Сонымен, көп тілді білу – шынымен заман талабы ма?

Бір тараптың пікірінше, көп тілді меңгеру – білімге, мансапқа, болашаққа ашылған есік. Мәселен, ағылшын тілін білетін адам шетелде оқуға, халықаралық жобаларға қатысуға, шет елдік достар табуға мүмкіндігі бар. Бұл – өз ойыңды әлемге жеткізу, жаңалықты тікелей түсіну, ешкімге тәуелді болмай даму деген сөз.

Алайда екінші тарап көп тілді білу ана тіліміздің әлсіреуіне себеп болады деп есептейді. Кейбір ата-аналар баласының қазақша сөйлеуіне мән бермей, бірден орысша не ағылшынша сөйлетуді қалайды. Соның салдарынан кейбір жасөспірімдер өз туған тілінде ойын толық жеткізе алмайды. Тіліміз – ұлттың жаны. Ал тіл ұмытылса, тамырымыз да үзіледі.

Менің көзқарасым: көп тілді білу – бұл дұрыс. Бірақ бұл ең алдымен өз ана тілімізді терең меңгеру арқылы басталуы керек. Қазақ тілі – жүрегіміздің үні. Ал басқа тілдер – бізді әлеммен байланыстыратын көпір. Сондықтан әр қазақ баласы ана тілінде анық сөйлеп, қосымша тілдерді заманауи құрал ретінде пайдаланса, бұл – тек ұтылмайтын жол.

Марқамұрат Мақпал Жақыпқызы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушы және студент жұмыстары бойынша басқа мақалалар ана тілі бойынша мақалалар тіл бойынша мақалалар Sayazhannn жариялаған мақалалар