Өлең, жыр, ақындар

Анашым….

Анашым жырым едің .
Жанымның төріндегі нұрым едің,
Сен барда шуағым шашылып тұр ,
Бақыт пен мейірімнің құны едің.

Түндерде ояусыз тілеп мені,
Тілеген дұғаңдай жүрек сені.
Сәбилік шақтағы күлкілерім 
Сол күндер естелік тілектегі .

Қиналсам , дем бердің сөзбен ғана 
Көңілімнің  кеңдігін сезгем сонан.
Бір күлкің шаттығым байлығым да ,
Бәрінен биіксің Анашым!

Бір тамшы теріңдегі ,жүз тілек бар.
Өмірдің әр сәтін ұмытпаған,
Бар қызықты баласына бұйырсын деп ,
Өзіңді де ұмытпашы Анашым!


«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Таджибой Әсел


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз