Жаз оқушы үшін еркіндік. Күнде сабаққа бармайсың, тақтаға шықпайсың, бақылау
жұмысынан да тынығасың. Бірақ бұл кезең тек демалуға ғана емес, дамуға да берілген
үлкен мүмкіндік.Көп адам жазды ұйқы мен телефонға арнайды. Бірақ уақыт деген
көзге көрінбейтін байлық. Қалай өткізсең өмірің солай қалыптасады. Ал егер осы үш
айда өзің үшін пайдалы іс бастасаң, күзде өзіңді мүлде жаңа күйде қарсы аласың.
Жаз денсаулықты қалпына келтіретін кезең. Ерте тұрып серуенде, таза ауада тынық.
Бірақ тек демалыспен шектелме. Егер сен 10-сыныпты аяқтап жатсаң, қазірден
бастап ҰБТ-ға дайындалуға болады. Әсіресе бейіндік пәндерге ерте кіріссең, жыл
бойы өзіңді сенімді сезінесің.Сондай-ақ бұл уақыт өзіңді дамытуға таптырмас шақ.
Кітап оқы, тіл үйрен, қызықтырған салаң бойынша білім ал. Журналистика, дизайн,
бағдарламалау немесе SMM сияқты бағыттарды зерттеп көр.Әлеуметтік желіде өз
парақшаңды жүргізіп, өз брендіңді қалыптастыруды да ұмытпа. Бүгін бастаған әр
әрекет ертеңгі табысыңның негізі.
Әрине, жаз тек оқумен шектелмеуі керек. Ең әдемі естеліктер дәл осы мезгілде
жасалады. Достарыңмен уақыт өткіз, отбасыңмен сырлас, қалауыңша саяхатта.
Фотоға түс, видеолар жаса – бұл сәттер ертең күлкің мен сағынышың болады.Жаз
тынығуға ғана емес, арманыңды бастауға берілген алтын уақыт.
- Мәулітбек Ұлас
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі