Білім — мемлекеттің де, қоғамның да қозғаушы күші. Қазіргі заманда жастардың білімге деген ынтасы әртүрлі деңгейде қалыптасып келеді. Бірі үздік ЖОО-ларға түсу үшін тырысып, ғылымға бет бұрса, енді бірі әлеуметтік желідегі трендтердің соңынан еріп, уақытын текке өткізіп жүр. Бұл – ақпарат ғасырындағы басты қайшылықтардың бірі.
Білімге деген құштарлықты арттыру үшін қолжетімді сапалы білім мен мотивациялық ортаның болуы маңызды. Үлгі боларлық тұлғалар мен ұстаздардың рөлі де орасан. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі гранттар, олимпиадалар, стартаптық жобалар – осы ынтаны арттыруға бағытталған.
Жастардың ізденісі мен білімге деген ықыласы – ел болашағының айнасы. Осы құндылықты жастайынан бойға сіңіру – тек мектептің емес, тұтас қоғамның міндеті. Білім — тек диплом емес, ол — еркін ойлау, жаңашыл болу және өз еліне пайда әкелуге деген ұмтылыс.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кулахметова Мархабат
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі