XXI ғасыр – ақпарат ғасыры. Алайда цифрлық кеңістіктің дамуы өзімен бірге үлкен қауіптерді ала келді. Жалған ақпараттар, манипулятивті контенттер, фейк жаңалықтар қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе жастар арасында медиа сауаттылықтың жетіспеуі — ең әлсіз тұс.
Ақпараттық қауіпсіздік тек техникалық шектеулермен шектелмеуі тиіс. Ол — адамның әрбір деректі сыни тұрғыда қабылдауы, дереккөзге сенімділікпен қарауы. Әлеуметтік желілерде тараған жаңалықтардың барлығы шындық емес екенін түсіну үшін арнайы білім қажет.
Осы бағытта мектептер мен жоғары оқу орындарында медиа сауаттылық пәндерін енгізу, журналистикада этика мен дәлдікке мән беру – маңызды қадамдар. Ақпаратпен жұмыс істей білу — қазіргі заман адамы үшін міндетті қабілетке айналуы керек.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Кулахметова Мархабат
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі