Ұлы тұлғалар — рухани мұрамыздың темірқазығы. Елінің ертеңін ойлап, халқының қамын жеген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Қаныш сынды ұлт зиялылары келер ұрпаққа сарқылмас рухани мұра қалдырды. Алаш арыстары — Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы ұлт тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресіп, халқының намысын қорғады.
Қ. Сәтбаев, М. Әуезов білім мен ғылымда, әдебиетте өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері тек өз елі үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де құнды. Қ. Сәтбаев — Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті. Осы академияда қазақ зиялылары жеке-жеке пәндерді зерттеп, академиялық еңбектер жазды: Х. Досмұхамедов — анатомия, зоология; М. Дулатов, С. Қожанов, Ә. Ермеков — математика; Ж. Аймауытов — психология; М. Жұмабаев — педагогика; Қ. Кемеңгерұлы — химия; Ж. Күдеріұлы — мәдениет; С. Сәдуақасов — театртану; А. Байтұрсынұлы, Е. Омарұлы, Т. Шонанұлы, Қ. Жұбанов, Н. Төреқұлов — тіл саласын зерттеді. Сәтбаев-ғылымдағы ұлы жолбасшы, қазақ халқының ғылыми-техникалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым. Ол геология саласындағы аса ірі жаңалықтарымен қазақ жерінің табиғи байлығын ашып, ел экономикасының дамуына жол салды. Білім мен ғылымның ұлт үшін маңызын терең түсінген Сәтбаев жас ғалымдарды тәрбиелеуге де ерекше көңіл бөлді. Музыка саласында Құрманғазының күйлері, Дина Нұрпейісованың домбыра үні, Шәмші Қалдаяқовтың әндері халықтың жан дүниесін, қуанышы мен мұңын жеткізген асыл қазына болып қалды. Ұлы тұлғалардың мұрасы — ұлттың рухани тұғыры, өткен мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Сол мұраны қадірлеп, болашаққа жеткізу — ұрпақ алдындағы ең қасиетті борыш.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі