Жаһандану заманында білім мен ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Көш басында Қытай, АҚШ, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер тұр. Бұл елдердің білім жүйесі өте дамыған. Мысалы, Сингапур математика мен жаратылыстану ғылымдары бойынша әлемде алдыңғы орында болса, АҚШ — әлемдік деңгейдегі университеттерімен танымал. Финляндияда шығармашылыққа ерекше мән берілсе, Оңтүстік Кореяда жастардың білімге құштарлығы жоғары. Олар шетелге оқуға кетсе де, көп жағдайда елге қайта оралып еңбек етеді.
Оңтүстік Корея — білім деңгейі жоғары мемлекет. Сеул ұлттық университеті, KAIST, YONSEI секілді университеттері әлемге танымал. Жастарға арналған стипендиялар, ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мол. Жасанды интеллект, электроника, медицина, ғарыш салалары жақсы дамыған. Samsung, LG сияқты ірі компаниялар білім мен ғылымға үздіксіз инвестиция құяды. Бұған қоса, жастар үшін жоғары жалақы, тұрақты жұмыс орындары қарастырылған. Экономикасы мен мәдениеті дамыған елде заң үстемдігі әрқашан сақталады. Ал Қазақстан жағдайына келсек, жастардың шетелден оралмауының басты себептерін екі қырынан қарастыруға болады.
Бірінші себеп — білім сапасы.
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың 80,7%-ы оқыса, жаңа типті мектептерде 19,3%-ы ғана оқиды. Көптеген мектепте оқу сапасы әлі де төмен. Химия, физика кабинеттерінде тәжірибелік сабақтар жеткілікті деңгейде өтпейді, оқыту көбіне теориямен шектеледі. Бұл келешекке кері әсерін тигізіп отыр. Соңғы жылдары университеттердің сапасы жақсарып келе жатқаны байқалады, алайда әлемдік деңгейде танылғандары әлі де аз. Студенттердің көбі шетелге тәжірибе жинақтау үшін барады. Ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемі де аз. Мысалы, Қазақстанда 2025 жылы ғылымға 252,5 млрд теңге бөлінген. Ал Оңтүстік Кореяда 2025 жылға шамамен 29,7–30 трлн қаржы салу жоспарланған.
Екінші себеп — экономика.
Қазақстан экономикасы негізінен мұнай мен шикізатқа тәуелді. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары, жалақы төмен. Бұл кәсіби даму мүмкіндігінің азаюына, әлеуметтік әділетсіздіктің орын алуына әкеліп отыр. Сондықтан көптеген қазақ жастары шетелде қалып қоюды жөн көреді.
Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Рашиден Тоғжан
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі