Қазақстанда білім жүйесіндегі ең маңызды емтихандардың бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ). Бұл сынақ мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін анықтайды. Сондықтан оның жастардың болашағына тигізер әсері зор.
ҰБТ-ның оң әсері
Біріншіден, ҰБТ білім алушыларға өз білімін әділ көрсетуге мүмкіндік береді. Барлық оқушылар бірдей сұрақтарға жауап беріп, бірдей шарттарда тапсырады. Бұл жүйе сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, «баршаға тең мүмкіндік» қағидасын қалыптастырады. Екіншіден, ҰБТ жастарды ізденуге, өз бетімен дайындалуға үйретеді. Бұл – олардың жауапкершілігін арттыратын маңызды кезең.
Теріс жақтары
Дегенмен, ҰБТ-ның кемшіліктері де бар. Бір ғана емтихан оқушының он бір жыл бойы алған білімін толық көрсете алмайды. Кейбір түлектер жақсы оқығанымен, қобалжудан төмен ұпай алып қалуы мүмкін. Ал кейбіреулері қысқа мерзімде дайындалып, жоғары нәтиже көрсетуі ықтимал. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оқушылардың шамамен 65 пайызы ҰБТ алдында қатты стресс пен үрейге ұшырайды. Бұл олардың психологиялық денсаулығына теріс әсер етеді.
Болашаққа әсері
Көп жағдайда ҰБТ нәтижесі жастардың оқу орнын және мамандығын таңдауда шешуші рөл атқарады. Алайда өмірдегі табыс тек бір ғана емтиханға емес, адамның еңбекқорлығына, табандылығына және мақсатқа жетудегі ынтасына да байланысты. Сондықтан ҰБТ-ны «өмірдің жалғыз мүмкіндігі» деп қабылдау дұрыс емес.
ҰБТ – жастардың болашағына едәуір ықпал ететін маңызды сынақ. Дегенмен ол – өмірдің соңғы нүктесі емес, білім жолындағы бір кезең ғана. Ең бастысы – жастарға дұрыс бағыт беру, олардың арманына жетуге сенім ұялату.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Даумбекова Нұрзада
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі