Өлең, жыр, ақындар

Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті

    Табиғат – адам баласының асыл қазынасы. Еліміздегі ең өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәселелер жатады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай нашарлады. Соңғы жылдары елімізде де жағдай ушығып, бүгінде ол кей аймақтарда адамның тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, өміріне де үлкен қауіп төндіріп отыр. 2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) өткен Бүкіләлемдік тұрақты даму саммитінде биологиялық әртүрліліктің жылдам қысқарып бара жатқаны атап өтілді. Адам әрекетінің салдарынан теңіздердегі балық қоры 75%-ға азайды, ал маржан рифтерінің 70%-ы жойылу қаупінде тұр. Табиғат тозуда, сонымен бірге адамзат та зардап шегуде.

Экологиялық дағдарыстың салдары

Адам өмірінде тұқым қуалайтын және туа біткен аурулардың көбеюі экологиялық факторлармен байланысты. Олардың қатарында:

  • маскүнемдік,

  • нашақорлық,

  • СПИД,

  • қатерлі ісік,

  • вирустық аурулар бар.

Экологиялық дағдарыстың басты себептерінің бірі – ірі өндіріс орындарының дұрыс орналаспауында. Зиянды қалдықтардың ауаға және суға көптеп таралуы табиғи тепе-теңдікті бұзып, халық денсаулығына зиян келтіруде. Бұл мәселеге немқұрайлы қарау – болашақ ұрпаққа үлкен қауіп төндіреді.

Алматы қаласындағы жағдай

2023 жылғы Экология министрлігінің зерттеулері бойынша Алматыдағы ауаның ластану деңгейі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр. Бұған бірнеше фактор әсер етеді:

  • Автокөліктердің көптігі. Алматыда 540 мыңнан астам көлік тіркелген, ал жыл сайын олардың саны шамамен 40 мыңға артады.

  • Жылу электр станциялары (ЖЭС). Қаланың ЖЭС-тері жыл сайын 3–3,5 миллион тонна көмір жағып, атмосфераға зиянды қалдықтар шығарады.

  • Өндіріс орындары мен тұрмыстық қалдықтар. Бұл да қала экологиясын нашарлататын негізгі себептердің бірі.

Экологиялық мәселелерді шешу жолдары:

  • Бір рет қолданылатын пластик ыдыстардан бас тарту

  • Таза және қолжетімді энергия көздерін дамыту

  • Тұрақты ауыл шаруашылығына көшу

  • Азық-түлік қалдықтарын азайту

  • Ағаш отырғызу

  • Жасыл инновацияны қолдау

  • Су мен электр қуатын үнемдеу

  • Қайта пайдалануға болатын өнімдерді енгізу

  • Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу

Journiverse білім беру орталығының оқушысы: Асан Медина


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз