Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан уалаятының газеті» 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап жарық көрді. Газет Түркістан генерал – губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында орыс тіліндегі «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде шығарыла бастаған. Ол аптасына төрт рет екі саны өзбек тілінде, екі саны қазақ тілінде жарық көріп отырды. Бұл басылымдарда тек ресми хабарлар ғана емес, оқу-ағарту, білім беру, ғылымға қатысты мақалалар да жарияланып тұрды. Алғашында газеттің мақсаты - қаһарлы патша үкіметінің саясатын халық арасында тарату, патша жарлықтарын қазақ тілінде жеткізу болғанымен, уақыт өте қазақ қоғамының дамуына үлкен серпін берген газет болды.
Өйткені XIX ғасырдың соңындағы тарихи жағдайда орыс тілін меңгеру – білімге, ғылымға, өркениетке жол ашатын басты мүмкіндіктің бірі болатын. Осыны түсінген қазақ зиялылары ресми газеттерде мақалалар жазып, елді оқуға, ғылымға үндеді. Мысалы, «Дала уалаятының газетінде» Отыншы Әлжанов «Қазақтардың медресе ашқандары» атты мақаласында қазақтың балаларын қазақша және орысша оқытуға ұмтылысын қуана атап өтеді. Ол «ғылым мен өнерсіз адам болашағын қамтамасыз ете алмайды» деп, жастарды білімге шақырды. Бұл мақала газеттің 1895 жылғы 46 нөмірінде басылған. 1895 жылғы 47 нөмiрiнде басылған “Қырдағы қазақтардың Россияның ғылымын, тiлiн үйренбектерi үшiн жәрдем болудың хисасында” атты мақалада оқыған қазақ балаларының бір-бір мамандық иесі атанып, ел қатарына қосылып, еңбек етіп жатырғаны туралы айтылады.
Газет бір жағынан патшалық Ресейдің отарлау саясатының құралы болса, екінші жағынан, қазақ зиялылары үшін халықты білімге үндеудің мінберіне айналды. Алайда редакциядағы ішкі өзгерістер арқасында «Түркістан уалаятының газеті» «бейресми бөлімі» ашылды. Бұл бөлімнің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге өзбек бөлімінің редакторы Н.П. Остроумовтың көп көмегі тиеді. Бұған дәлел газет бетінде Т. Ерназаров, А. Ақпаров сияқты жергілікті қаламгерлердің мақалалары жарық көріп, халықтың тарихы, шаруашылығы мен медицинасына қатысты пайдалы деректер беріле бастады.
«Түркістан уалаятының газетінде» шылым шегудің пайда залалы мақаласында жазушы Шаһмардан бір баланы мысал келтіреді; бір бала екі жасқа келгенше шешесінің сүтін емуден біротала қалмапты, кейін ас қабылдамай,әлсіреп қалады.Әкесі баласына шылым тартқызғаннан кейін бала тамақ ішуге бейімделіп, әл жинап тығыншықтай болады. Деседе есейгенде шылымын тоқтатпайды. Бұрынғы кезде шылымға қатысты қате түсініктер болғанын көрсетеді.Тәрбиелік тұрғыда-өткеннің қателігін қайталамау керектігін ұқтырады.
«Газеттің халық үшін орнының ерекше екенін, көзі мен құлағы жоқ адам қалай күн кешсе, газеті жоқ жұрт та басқа елдердің жанында сондай мүсәпірдің күнін кешеді»- дейді Ахмет Байтұрсынұлы. «Түркістан уалаятының» газетінде бейресми бөлімнің ашылуы әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен қолдаушы күш болды. Газет беттерінде алғашқы рет ақындар айтысы басылды. Мақал-мәтелдердің алғашқы жинағы осы газет бетінде жарық көрді. Сол кезеңдегі ақын-жазушылардың шығармалары басыла бастады. Мысалы қазақ аудиториясы Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды тұлғаларды тани бастады.
Сонымен қатар газет беттеріне халықтың бай ауыз әдебиетінің жауһарлары «Еңілік-Кебек», «Қыз Жібек», «Ләйлі мен Мәжнүн» жырлары басылды. Иә, «Түркістан уалаяты» жарық көрген сәтте ақпарат тапшы болды, бірақ бұл адамдардың оқуға деген құлшынысын жоғалтпады. Қазақстан бойынша басылым тиражы шектеулі болса да, газет Қазақстанның бүкіл аумағына таралатын. Жалпы таралымы бес үзден аспайтын басылымды бүкіл ауыл бірігіп оқитын болған.
Патша үкіметі тұтас халықты басып алу үшін ашқан ресми газет түптің түбінде қазақ халқының мәдениеті мен санасын жаңғыртқан тарихи мектеп болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы//el.kz.- 2020.- 1 маусым.
2. Түркістан уалаятының газеті: Ү.Х.Субханбердина
3. Қазақ журналистикасының тарихы: Қ.Аллаберген,Ж.Нұсқабайұлы , Ф.Оразаев
Құлмырза Шапағат ҚазҰУ- дың 1-курс студенті.
Ғылым жетекшісі:фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі