XXI ғасыр – жаңа медианың дәуірі. Бүгінгі қоғам ақпаратты газеттен емес, смартфоннан оқиды, радиодан емес, әлеуметтік желіден тыңдайды. Жаңалықты жеткізуде жылдамдық маңызды болып тұрған заманда дәстүрлі БАҚ жаңа медиамен бәсекеге шыдай алмай барады.
Газет-журналдардың таралымы азайып, радио тыңдармандары кемуде. Жастардың көпшілігі қолына газет ұстамайды, ал жаңалықты теледидардан емес, TikTok пен Instagram-нан біледі. Дәстүрлі БАҚ көбіне ресмилікке, баяулыққа байланып қалғандай әсер қалдырады.
Мысалы статистикаға келер болсақ
Жазылым көлемінің төмендеуі
2015–2019 жылдары газет-журналдарға жазылым саны 185 миллионнан шамамен 118 миллионға дейін түскен. Бұл шамамен 36% қысқару.
Жазылым көлемінің жылына 8–17% ұлғайып/төмендеп тұратын өзгерістер байқалады.
(https://kz.kursiv.media/en/2020-12-09/kazakhstanis-dont-want-subscribe-newspapers-anymore/?utm_source=chatgpt.com Ирина Осипова-Журналист )
Жаңа медиа, керісінше, оқырманға жедел әрі еркін ақпарат ұсынады. Әлеуметтік желіде әркім өз ойын ашық айта алады, пікірталас жасауға мүмкіндік бар. Мұндай ашықтық пен жылдамдық дәстүрлі БАҚ-та жоқ.
Сондықтан «дәстүрлі БАҚ жаңа медиамен үйлесім таба ала ма?» деген сұраққа көп жағдайда «жоқ» деп жауап беруге болады. Дәстүрлі БАҚ өз орнын толық жоғалтпаса да, негізгі ақпарат алаңы ретіндегі рөлінен айырылып барады. Болашақ – жаңа медианың қолында.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі