Өлең, жыр, ақындар

10 тілді меңгерген қазақ полиглоты

Бір халықтың тілін білу - сол ұлттың жанын тану.Ал он тілді меңгерген жан қандай кең дүниенің иесі болар еді? Осындай ерекше дарын иесі қазақтың біртуар ғалымы - Құдайберген Жұбанов болатын.Өкінішке қарай,бүгінгі жастардың көбі бұл ұлы тұлға туралы біле бермейді.

Жұбанов бала кезінен-ақ білімге құмар болды.Оның ой-өрісі тек қазақ даласымен шектелмеді.Ол парсы,араб,неміс,түрік,моңғол,грузин,чуваш,коми,орыс және тағы басқа да түрік тілдерін білген (өзінің анкеталық деректеріндегі жазбалары бойынша).Мұндай білім мен қабілет - ХХ ғасырдың басындағы қазақ баласы үшін ерлік.

Ол қазақ лингвистикасының алғашқы іргетасын қалаған ғалым.Қазақ грамматикасына арналған тұңғыш оқулықтарды жазып,мектептер мен жоғары оқу орындарына енгізді.1932 жылы қазақ филологиясы саласында тұңғыш профессор атағын алғаны да - ғылым тарихындағы елеулі оқиға.

Жастайынан әдебиетке құштар болған Жұбанов алғашқы шығармаларын ''Шекті'' және ''Қараша бала'' деген бүркеншік атпен жариялаған.Кейін ол қазақ тілінің терминологиялық қорын дамытуға белсене атсалысып,қазақ тіліне латын әліпбиін енгізу комиссиясын басқарды.Сонымен қатар,ғылыми терминдерді қазақша аударуды қолдап,жаңа сөздер ұсынды.Мәселен,''геометрия'' пәнін ''пішіндеме'' деп атаған.

Алайда,зұлмат жылдар ұлы ғалымды да аямады.1938 жылы ол небәрі 38 жасында жазықсыз ''терроризм'' бабы бойынша Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин сынды алаш арыстарымен бірге атылып кеткен болатын.

Құдайберген Жұбанов - тек ғалым ғана емес,ұлт үшін жан аямай еңбек еткен азамат.Осындай тұлғаларды тану арқылы біз өткеннің қадірін ұғынып,болашаққа сенімді қадам жасаймыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер