Өлең, жыр, ақындар

Шу ауданында «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» тақырыбында кездесу өтті

Шу ауданында «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» тақырыбында кездесу өтті

Шу ауданы, Әбу Бәкір мешітінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы ЖҚБ ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлдың қатысуымен «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» атты кездесу өтті.

Шараға 30-дан астам мешіт жамағаты жиналды. Олардың қатарында ардагерлер, мешіт имамдары, жастар және жергілікті тұрғындар болды.

Кездесу барысында дін мен қоғамның өзара байланысы, жастардың тәрбиесі, экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу мәселелері қозғалды. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, білікті маманнан тұшымды жауап алды.

Мұндай іс-шаралар қоғамда діни сауаттылықты арттыруға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және жастардың дұрыс бағытта дамуына ықпал етеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар