Өлең, жыр, ақындар

Жаяу Мұса өмірбаяны

Жаяу Мұса 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы «Ақшоқы деген жерде туған. Әкесі Байжан шағын дәулетті шаруа иесі ғана адам болған. Жасынан сергек, сезімтал Жаяу Мұса оқып білім алуға, ән салып, серлік құруға талаптанады. Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша оқып, білім алуды үлкен арман етеді. Баласының бұл игі талабына Байжан да қарсы тұрмайды. Бірақ та, қысқа жіп күрмеуіне келмей, баласын басқа жерге жіберіп оқытуға Байжанның мүмкіндігі болмайды.

Сөйтіп, ойлаған мақсатына жете алмай, жабырқап, көңілсіздеу жүрген кезінде  талантты жастың тілегіне қарай, бір жылы ел аралаған қызылжардық татар саудагері келеді. Татар саудагеріне жалданып Жаяу Мұса Қызылжар қаласына барады. Бір жағынан байға жұмыс істей жүріп, оқуға орналасады.

Біраз тұрып, қала халқымен танысқаннан кейін әуелден ойын – сауық, той – думанға үйір Жаяу Мұса жастар бас қосқан кештерде ән айтып, гармон тартуға әуестенеді. Оның осындай өнеріне сүйсінген үй иесі де онша ауыр іске қоспай, жеңіл – желпі жұмыстарға ғана пайдаланады. Мұсаны көрші – қолаңдары да, өзімен бірге оқып жүрген таныс замандастары да өз араларындағы ойын – сауықтрға жиі шақыратын болады. Аздан соң – ақ ел аузына ілініп, әнші Мұса атанады.

Жылдар өтті. Искусстволық адымын ең алғаш орындаушылық өнерден бастаған Жаяу Мұса енді өз ойынан ән шығару ісімен де шұғылданады. Оның бұл саладағы тырнақалдысы осы кезде ел аузында айтылып жүрген «Көк аршын» әні халыққа тез тарайды.

Жаяу Мұса Қызылжар қаласында үш жылдай оқығаннан кейін Омбыға барып, онда тағы да төрт жылдай орысша оқу оқиды. Бұл Жаяу Мұсаның жиырма жастағы ғана кезі едіг.

Омбыда оқып жүріп, жазғы демалысқа еліне барған кездерінде ауыл адамдарынан аға сұлтан Мұсаның елге көрсеткен зорлық – зомбылығын естиді. Бұған Жаяу Мұса қатты қанжылады, халықтың жазықсыз жәбірленуіне жаны ашып, жауыздық іске жиіркене қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы газеттеріне бірнеше рет мақалалар жазады.

Бұрын алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, мейманасы асқан сұлтанға Жаяу Мұсаның газет жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. Сұлта Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі жас оған ешбір жасымайды, қолындағы қаламын қару етіп, Шормановтардың озбырлық мінез – құлықтарын әшкерелейтін өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды.

Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында Жаяу Мұсаы жала жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп Мұса 12 жылға сотталып, Тобылға жер аударылады.

Жаяу Мұса Омбы түрмесіне Тобылға жөнелтілді деген хабарды естген жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады. Халықтың сүйікті әншісінің басына түскен бұл ауыр қайғыныкөрегн көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты қынжылады. Осы кезде аға сұлтан Мұса жинаған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға жақынырақ келіп тұрады да:

  • Еу, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер болдың? «Әлін білмес әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда еместігі енді есіңде болсын. Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан бұлай жолама менің жаныма, — деп тұтқын жанды тым қатты табалайды.

Айтқанына жетіп, әмірі орындалғанына соншалық масаттанған сұлтаның сөзіне орай Жаяу Мұса тілін тартпай, табанда өлеңмен жауап береді.

Мен айтсам, параңды айттым тілім ұзын,

Татармын бұйырған жер дәмі-тұзын.

Жыласың екі басты ел жалмаған,

Қоймаймын неғылсаң да айтар сөзім-

Деп, жиын топтың алдында аға сұлтанның айыбын бетіне басады. Сонымен қатар:

Тобылға он екі жыл мен айдалдым,

Артымда елі – жұртым бәрің қалдың.

Сұлтанға еш жазығым жоқ – ақ еді,

Жазықсыз жаза көріп, көп сандалдым.

Сәлем айт көп Қаржастың баласына,

Кез болдым хан – сұлтанның жаласына.

Шорманды кім өлтірді мен білмеймін,

Сонда да менен құнын аласы ма? –

Деп анталанған халыққа мұңын шаға хош айтысады. Жаяу Мұсаның жан тебрентерлік бұл бағалы сөздері жиналған жұрттың сай – сүйегін сырқыратады. Олар жазықсыз жанның тұтқыннан босап, тез оралуына тілектестік білдіреді, дуан басы сұлтанның сорақы қаталдығына қарғыс айтып тарасады.

Жаяу Мұса полицейскийдің айдауында айдан аса жаяу жүріп, Тобылға әрең жетеді. Мұсаға «Жаяу» деген ат тағылуының себебі осында болса керек. Ал, біреулер дуан басы Шорманның Мұсасы Байжанның жалғыз атты жарлы Мұсасымен аттас болуға арланып, оған «жаяу» деген сөзді өзі қосыпты деседі. Бірақ Жаяу Мұсаның «Ақсиса» дейтін әнінде:

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Мұса.-

Деуіне қарағанда, алғашқы айтылған сөздің дұрысты бар сияқты.

Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде ұзақ уақыт жатып, қатты күйзеледі, сондықтан да жанындағы кейбір достарының кеңестері бойынша кесімді күндерінің қалғанын кең далада жүріп өтеуді ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы орындарға арыз береді. Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34 жасында Петербургке шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады. Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы көтерілісін басу үшін жіберігелі жатқан Черняев отрядына қосылады.

Литвалықтардың көтерілісін басқанна кейін ол отряд Орта Азия елдерін аралап, Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерілісшілерге қатты соққы беріп, жаны түршіккен Жаяу Мұса  онан әрі бұл отрядпен бірге болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада айлап жүріп, жүдеп – жадап, туған жеріне келеді.

Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы да қуғынға ұшыратпақ болады қашқын деп елге лақап таратады.

Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп, жаңа ғана келген Жаяу Мұса сағынған ел – жұртының ішінде еркіме бой жазып жүре алмай, тағы да қашып – пысып, қатал жаудың қолына түспеу қамын қарастырады.

Бірақ арамза жау тіміскілеп  қоймаған соң, алыстау жерге барып, бой тасалау үшін Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған сәтте  Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап , әр жерде қонақтайды да жүреді.

Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана жа емес екендігін аңғарға ауыл адамдары танысқылары келіп, жөн сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін Жаяу Мұса да жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал – жағдайына толық түсіген жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалды», енді еліне қайтпай –ақ біздің ортамызда бол, — деп мейірімділік көрсетеді.

Осыдай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең айтып, жүрген жерін ойын – сауыққа кенелдіреді. Бір күні сол елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. Құлбайдың баласы Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек болады. Бірақ, қызы жақсы болғанымен Құлбайдың сараңдығын ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай бай» деген күлдіргі ән шығарады. Бұл оны осы уақытқа дейін ескірмей ел аузында айтылып келеді.

Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында  біраз тұрғаннан кейін Жаяу Мұса  еліне бір көңілсіз хабар естиді.

Жаяу Мұсаны қолға түсіре алмаған Шормаовтардың оған деген қастығы бұрынғыда да күшейе  түседі. Ауылын ата қонысынан қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық жер – суын Жаяу Мұсамен ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді.

Міне, осы хабарды естісімен  хан – сұлтандардың мұндай айуандық әрекеттеріне қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы ұлықтарға арыз жазып, олардың жолсыздық жұмыстарын әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс – тартыстан кейін істің ақыры Жаяу Мұсаың пайдасына шешіледі де, бұрынғы  ата қонысын айып – анжысымен қоса өзіне қайтарып алады.

Үш жүзге алтым мәлім Жаяу Мұса,

Көрермін жанның бәрі мендей туса.

Аттыда жаяу жүріп кек аламын,

Жігіттер, шамаң келсе, маған ұса! –

Дейті әні осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Сондай – ақ Шормановтардың айдап салуымен өзінің төл мекенін тартып алып, аулын қатты күйзелушілікке ұшыратқан опасыз Хұсайын Поштаевқа:

Поштаев бір Айдабол баласы едік,

Екеуміз бір қыстауға талас едік.

Жыртысын Шормановтың жыртамын деп,

Салдың ғой аулымызға мұнша бүлік. –

Деп әділетсіздігін айтып, өлең шығарады.

Айтысқан жауын жеңіп, көңлі жайланған Жаяу Мұса Сапарды еліне алып келіп, ауыл ішіде ойын-сауығын өткізіп, серілік құру жолыа түседі. Бірақ, бұл жағдай оның белгілі қас жауларына жақпайды, сондықтан ебін тауып, тағы да тұтқынға алдыру әрекетін жасайды. Ол үші әр жерден аңдушылар қойып, қалайда қолға түсіру қамын ойлайды.

Бір күні Жаяу Мұсаның өз аулында екенін анықтағаннан кейін Павлодардан бір топ солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде ұстатады, оның қол – аяғын байлап, оңаша үйге қамап тастайды да өздері қой сойдырып, ойын – сауық жасап, қаннен – қаперсіз отыра береді.

Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше киініп келеді де, қамсыз отырған солдаттардың қаруларын тартып алып, өздерін түп – түгел байлап салады.

Жандарынан шошынған солдаттар жалынып – жалпайып, өз бастарын әрең дегенде босатып алады да, алды – артына қарамастан қаша жөнеледі.

Алайда, істің ақыры насырға шабатынып білген Жаяу Мұса тыныш жата алмай , Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді.

Бірақ, қайда барарын білмейді. Бұрынғыдан ауыл маңыдағы тоғай арасы пана болмайтынын сезеді.

Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға бел байлайды.

Сөйтіп алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына барады. Онда татар халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала халқымен біраз үйреніскеннен кейін ойын – сауықтарға қатнасып, өзінің әншілік қабілетін танытады. Творчестволық еңбектерін көптің алдында тартады.

Осы кезде Жаяу Мұса :

Қыздары Қазан сипатын,

Қызықтым сүйіп сымбатын.

Көрдім талай арудың

Жақсы, жаман келбетін.

Алты ай тұрып Қазанда,

Байқадым қыздар әлпетін. –

Деп, Қазан қыздары атты күлдіргі ән шығарады. Қазанда алты ай тұрып, ел – жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса бұлайша қашып – пысып жүріп бассауғалағанша елге барғаным жөн болар деген тоқтамға келеді.

Жаяу Мұса Еліне келсе, аулы орнында жоқ, Шорман тұқымдары мал – мүліктерін талан – таражға салып, таратып алыпты, туған – туысқандарын тоз – тозғып жіберіпті.

Хан – сұлтандардың бұл зорлығы  Жаяу Мұсаға бұрынғысыннан да қаттырақ батады.

Қарсылық көрсетуге шамасы келмеге Жаяу Мұса жаяу – жалпылап жүріп, Омбыға барып, губернаторға шағым жасайды. Губернатор : Шормановтың жолсыздық ісіне тез тыйм салынсын, Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал – мүлік түгелдей өзіне қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді.

Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуаышпен қайтқан Жаяу Мұса арада бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, губернатордың жазған бұйрығын ұсынады.

Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, аға сұлтан Мұсаның оязбе бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты шошынады. Олар губератордың бұйрығын оқып, екі жақтан зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер – жебіріне жетеді. Жаяу Мұса да олардан тілі тартпай, Мұсаның әділетсіздігін айтып, айыбын бетіне басады.

Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,

Арада күн – күн жүріп, шаршап талдым,

Бұйрығың губератор әкелсем де,

Пәлеге ашылмастай еді қалдым. –

 

Деп басталатын Жаяу Мұсаның бір өлеңі осы кезде жарыққа шыққан көрінеді.

 

Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қашама жан таласқанымен де, губернатордың бұйрығын орындамай отыра алмады. Жаяу Мұсаның арызында көрсетілген талаптары түгелімен жүзеге асады.

Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін үдете береді.

Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген жаламе Жаяу Мұсаның бір топ бұзауын қырғызып тастайды.

Бұл сияқты шектен асқан қаскүнемдікке арнап Жаяу Мұса мынандай өлең шығарады:

Ей, Мұса, мен не жаздым саған жарқын,

Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.

Бұзауын ауылымның қырып салдың,

Көрерсің не болғанын істің артын.

Мақтанба басыңдағы бағыңызға,

Қартаймақ қиын болар тағыңызда.

Сізге де сорлы болу қиын емес,

Басыңнан бағың тайған шағыңызда.

Бұдан бірақ уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы бастаған бір топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы да барлық жылқысын айдатып алады.

Сөйтіп,  Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның  арасындағы өшпенділік өрті өрши түседі.

Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған жылқыларын орынан салдырады да, Арапты тұтқыға алдырады. Соның артынан көп кешікпей – ақ Мұса да аға сұлтандық қызметінен босатылады.

Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайлаған Жаяу Мұса да жанынан өнерлі жігіт – желеңдерді жинап алады да, серлік құрып ел аралайды. Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өміржасай бастауын көре алмай, қатты күйінген Мұса оған соқтығу үшін сылтау тапқысы келеді. Сол мақсатпен оның  қыран бүркітін сұратып кісі жібереді. Оған ызаланған Жаяу Мұса:

 

Ей,Мұса, құс сатпаймын  дүние малға,

Болсам да өзім кедей жүрмен жалға.

Арам мал елден алған жиындыны

Алмақ түгіл, ұстаман сірә қолға.

Деп хат жазады.

Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол не істерін білмей, іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен өкінеді.

Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын қастық жасау жолы қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер кезінде емделіп, ауруханада үш ай жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман – есен жазылып шығады.

Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан асып, көршілес отырған Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне түгел жайылады.  Өйткені осы елдерде бір кездерде ол өзі де аралап, шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен  болатын.

Жаяу Мұса серілікпен ел аралап жүрген кезінде әйелі Сапар қатты ауырып, 1895 жылы отыз жеті жасында қайтыс болады. Мұсаның Сапардың туған бір ұл, бір қызы нағашысының қолында жетім қалды.

Хан – сұлтандардан соққы көріп, елге тұрақтай алмаған, қашып – пысып жүргенде кездескен сүйікті жары Сапардың кенеттен қайтыс болуы Жаяу Мұсаның жанын қатты батады. Жанына жалғыз ұлы Салықты ертіп, Сапардың қабырынң басына барады. Сол жерде отырып қайғылы көңіл күйін шерткендей болады.

Келдім, Сапар, басыңа,

Жалғыз Салық қасымда.

Көштің, Сапар, бұл дүниеден

Отыз жеті жасыңда.

Қайғыға қайғы қосылды,

Тасыған көңілім басылды.

Артыңда қалған қос жетім,

Апалап кімге асылды? –

Деп «Сапар» атты ән де шығарады.

Сапар қайтыс болып, жасы алпыстан асқаннан кейін – ақ Жаяу Мұса бұрынғыдай ел аралауын да азайтып, біріңғай үй шарушылығымен ғана айналысады.

Әуелден мал жинамаған ол жасы ұлғайып қалған кезде кедейліктің зардабын тартады. Осыған байланысты:

Жігітке кедейшілік бір сергелдең,

Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.

Үйіңнен тату құрбың құр аттанса,

Немене бұл дүниеден үміттенген. –

Деп басталатын «Қоңыр» дейтін әнін шығарған көрінеді.

Тегіде Жаяу Мұсаның шығармалары кейбір кездейсоқ жағдайларда ғана емес , үнемі кезеңді бір уақиғаларға жазылғандағы байқалады. Оның ішінде осы жинаққа кіріп отырған қырыққа жуық әндерінің  көпшілігі ілгеріде айтылған өзінің ата жауы аға сұлтан Мұсаме арадағы талас – тартыстан туған. Мәселен: «Шорманға», «Бұзау жыры», «Арап батыр», «Боз торғай», «Сұрша қыз», «Гауһар қыз», «Кедейлер», «Ұлы тау», «Баян ауыл» сияқты бірсыпыра әндері осы айтылғандардың айғағы бола алады.

Айта кететін бір жай Жаяу Мұсаның кейбір әндерін әркім әртүрлі айтады. Мысалы: «Ақ сиса» , «Аулау» , «Көк аршын», «Күлбай бай» , «Сапар» сияқты әндерін нотаға жаздырып Ақмолалық әші – кешегі Қосымжан Бабаков мархұмның орындауынын Қарқаралы әншілері : Қуан Лекров пе Жүсіпбек Елебековтың айтуларында біраз өзгешеліктері брлығы байқалады.

Осыған қарағанда, әр жердің әншілері өздерінің үйренуінше айтып кеткенге ұқсайды. Бірақ, бұл жинаққа сол әндердің түрлі варианттары беріліп отыр.

Ән мелодияларының өзгешеліктері сияқты оның өлеңдерінің сөздерінде де өзгерістер кездеседі. Мысалы «Ақ сиса» әнін біреулер :

Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.

Аттыдан жаяу жүріп кек аламын.

Жігіттер, шамаң келсе маған ұста. –

Десе, біреулері:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса – сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса,

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Мұса. –

Деп айтып жүр. Сондай – ақ:

Дариға, іш күйеді зорлығына

Сенді ғой мал басының молдығына.

Қорқамын тағы дүре соға ма деп.

Сонда да шыдамаймын қорлығына

Дейтін өлеңі «Ақ сиса» әнінде де, «Хаулоу» әнінде де айтылып келеді. Сондықтан бұл жинақта осы әндердің мазмұнына қарай сөздері де екшелеп алынады.

Ал , енді ән текстерінің  ұқсастық жағына келсек, мынандай жайды көреміз:

Жаяу Мұсаның «Әндижан» дейтін әнінің 1 – шумағында:

Ішуге осы жақтан шай таппадым,

Қайтейін, шіркін көңіл жай таппадың

Жұлдызға аспандағы қолым сермеп,

Торыдай жауыр болған қайқақтадым. –

Дейтін төрт жол «Гауһар қыз» атты әнінде айтылады. Ал, осы әндердің қайырмасындағы сөздер де өте ұқсас келеді. Міне бұл жағдайлардың  бәрі де әнді орындаушылардың әуелде шала – шарпы үйренулері салдарынан туған кемшіліктер болуға тиіс.

Жаяу Мұса ән текстірінен басқа да көптеген өлеңдер жазған көрінеді. Оның 1880 жылдар қарсаңында жазған 60 беттей қолжазбасын  Қазақ ССР Ғылым академиясының  экспедициясы 1955 жылы Қазақ университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін ол өзі Қазанға барып тұрған кезінде тапсырған болу керек.

Сондай – ақ тағы да. Бірсыпыра өлеңдерін өзінің басалы Салық 1955 жылы Қазақстанның Ғылым академиясына әкеліп тапсырған болатын. Оның ішіде ақынның Қытай елінің болашағын болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі бар.

Үстем таппен араларындағы өшпенділік өмір бойына созылған. Жаяу Мұса Октябрь таңы атқаннан кейін – ақ белдескен ата жауынан аяусыз кетіп, аңсаған арманынан жетеді. Бұрынғы хан-сұлтандардан көрген қыспақтарын еді олардың өз алдарына келтіреді.

1928 жылы ел ішіндегі ірі байларды конфесқациялап, мал – мүліктерін қазнаға алу жұмысына басшылық етеді.

Күрескер композитор, дарынды әнші, жыршы Жаяу Мұса 1929 жылы 94 жасында өзінің туып – өскен жерінде қайтыс болады.

Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық асыл мұралары осы күнге дейін ескірмей ел аузыда айтылып келеді және айтыла бермек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Аманка Жалгасбаева

эй мусса

Бата Куан

Жаксы жазылган толыктаи

Бану

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар