Өлең, жыр, ақындар

Жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлі

    Қазіргі таңда жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуына түрлі факторлар әсер етеді. Соның ішінде отбасы – ең алғашқы әрі ең маңызды тәрбиелік орта болып саналады. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген нақыл сөз баланың бойындағы мінез-құлық пен өмірлік ұстанымның қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбиеге байланысты екенін көрсетеді.

Отбасының тәрбиедегі маңызы

  1. Отбасындағы қарым-қатынас пен тәрбие үлгісі жасөспірімнің мінезін айқындайды.
    Зерттеулерге сүйенсек, Қазақстандағы 14–34 жас аралығындағы жастардың шамамен 80,1%-ы отбасыны өмірдегі ең басты құндылық деп есептейді. Бұл көрсеткіш отбасының тұлға тәрбиесіндегі орнын айқын дәлелдейді.
  2. Отбасылық жағдай мен тәрбиенің жоқтығы жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бару ықтималдығын арттырады.
    Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, құқық бұзушылық жасаған жастардың көбі толық емес немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан.
  3. Ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі оның психологиялық дамуына тікелей әсер етеді.
    “Kazakhstan Families – 2020” ұлттық есебінде ата-аналардың 42%-ы жұмыстан қолы тимей, балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтыны анықталған. Бұл жағдай балалардың эмоционалдық тұрақтылығына, өзін-өзі бағалауына және қоғаммен байланысына кері әсер етуі мүмкін.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Каражанова Фатима


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз